Өскеменнің экс-әкімі Nur Otan партиясынан шығарылды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Қуат Тұмабаев Қуат Тұмабаев

Адам өлімімен аяқталған жол апатынан кейін мемлекеттік қызметке оларған, Сауда министрлігі департаментінде басшылық қызметке тағайындалған Өскеменнің экс-әкімі Қуат Тұмабаев Nur Otan партиясынан шығарылған. Бұл туралы партияның бақылау комитетінің төрағасы Артур Платонов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Адам өлімімен аяқталған жол апатынан кейін мемлекеттік қызметке оларған, Сауда министрлігі департаментінде басшылық қызметке тағайындалған Өскеменнің экс-әкімі Қуат Тұмабаев Nur Otan партиясынан шығарылған. Бұл туралы партияның бақылау комитетінің төрағасы Артур Платонов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, Қуат Тумабаевтың Сауда және интеграция министрлігінің Экспортты ілгерілету департаментінің директоры лауазымына тағайындалуы саяси платформаның құндылықтары мен партия мүшесінің этика кодексіне қайшы келеді.

"Осыған орай, бақылау комиссиясының ұсынысы бойынша Қ.Тұмабаев партияның беделін түсіргені үшін партиядан шығарылды", - деп жазды ол өзінің Facebook-те.

Платонов Тұмабаевты экспортты ілгерілету департаментінің директоры қызметінен босату туралы ұсыныспен министрлік басшылығының атына хат жолданғанын да хабарлады.

Еске салайық, Қуат Тумабаев Риддерде адам өлімімен аяқталған жол апатының куәгері болған еді. Жол-көлік оқиғасы 2018 жылдың 15 сәуірінде шамамен сағат 21.00-де болды. Кейінірек Өскемен әкімінің адам қаққан шенеуніктің көлігінде болғаны анықталды. Жол апатынан 18 жастағы Евгений Смольников қаза тапқан еді.

Іс материалдарында жүргізуші мен жолаушы көліктен шығып, адамды қағып кеткенін көргені және соған қарамастан Тұмабаев рөлге отырып кетіп қалғаны көрсетілген. Оның айтуынша, ол оқиға болған жерден кеткісі келмеген. Керісінше жедел жәрдем көлігін көріп оны қуып жетуге тырысқан.

Жол апатында қаза болған Евгений Смольниковтың әкесі іс бойынша объектив тергеу жүргізу үшін ел Президентіне үндеу жолдаған еді.

Қалалық соттың үкімімен Қуат Тұмабаев ӘҚБтК-нің "Міндетті сақтандыру бойынша шарт жасасудан жалтару" бабы бойынша әкімшілік жауапқа тартылды. Алайда сот сол кезде Өскемен қаласы әкімі көлік иесі болмағанын ескеріп, шешімнің күшін жойған.

Осыдан кейін Қуат Тұмабаев Өскемен әкімі қызметінен кетті.

Кейін 2021 жылы 21 сәуірде ол мемлекеттік қызметке оралғаны белгілі болды. ҚР Сауда және интеграция министрлігінің ресми сайтында жарияланған мәліметтерге сәйкес, ол экспортты ілгерілету департаментінің басшысы лауазымына тағайындалған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 515.28  course up  583.05  course up  6.14  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro