Алматыда отбасылық жанжалдан кейін үйінен шығып кеткен ер адам екі айдан бері табылмай жатыр. Бұл туралы Lider.kz ұйымының еріктілері хабарлады, деп жазады Tengrinews.kz.
1990 жылы туған Бауыржан Олжас 19 наурызда жоғалып кеткен. Ол Әуезов ауданы, Таугүл-3 ықшамауданы, Мұхамеджанов көшесі, 71-үй мекенжайындағы үйінен шығып кеткен.
Белгілері: бойы - 190 сантиметр, орта денелі, шашы - қара, көзі - қоңыр.
Киімі: жоғалған күні үстінде не болғаны белгісіз.
Іздеушілердің айтуынша, олар жоғалған адам болуы мүмкін деген орындардың барлығын тексерген. Алайда бұдан еш нәтиже шықпаған.
"Олжас, егер сіз қазір бұл хабарламаны оқып отырсаңыз, өзіңізге ыңғайлы кез келген тәсілмен бізбен хабарласыңыз. Немесе осы парақшаның директіне жазыңыз. Сондай-ақ +77051053131, +77013759291 WhatsApp нөмірлеріне қоңырау шалыңыз немесе жазыңыз.
Сізді туған-туыстарыңыз, жақындарыңыз бен достарыңыз іздеп, күтіп жүр, сіз үшін алаңдаулы. Сізді жақсы көретін және қадірлейтін жандарға қарай қадам жасаудан қорықпаңыз. Кейде бір ғана қоңырау өзгенің жанына батқан ауырсынуы мен шексіз көз жасын тоқтата алатынын түсініңіз. Қайда болсаңыз да - тірі екеніңізден хабар беріңіз. Сізді үйде асыға күтеді", - деп еріктілер жоғалған ер адамға үндеу жасады.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру