ER-BATYR жобасының жаңа қонағы - танымал актер Санжар Мәди. Спикер жүргізуші Тимур Балымбетовпен мотивацияның маңызы, карантиннің оның отбасына қалай әсер еткені, жұбайына үнемі ғашық болуы мен өмірдегі қорқынышы туралы әңгімелесті. Жобаның жаңа шығарылымын ER-BATYR YouTube-каналынан көріңіз.
ER-BATYR жобасының жаңа қонағы - танымал актер Санжар Мәди. Спикер жүргізуші Тимур Балымбетовпен мотивацияның маңызы, карантиннің оның отбасына қалай әсер еткені, жұбайына үнемі ғашық болуы мен өмірдегі қорқынышы туралы әңгімелесті. Жобаның жаңа шығарылымын ER-BATYR YouTube-каналынан көріңіз.
Жобаның ұйымдастырушылары - Alash Media Group медиахолдингі және Montessori Qazaqstan қоғамдық қоры. Ақпараттық серіктестер - "Жетінші арна" және "ВКонтакте" әлеуметтік желісі. Жобаның серіктесі - Altel ұялы байланыс операторы.
Эфир қонағының айтуынша, әр адамның өмірінде мотивацияның орны ерекше.
"Адам үшін ең бастысы - мотивация, егер ол болмаса өзіңе жүк артып, алға қадам басудың мәні де болмайды. Егер өзіңнің ойыңдағыдай адам болмасаң, ол, біріншіден, энергия, екіншіден, ақша және тағы басқасын құры жұмсау", - дейді ол.
Санжардың сөзінше, актерге бар болғаны мойындалғаны керек.
"Ол шығармашылық адамдарына тән. Мен режиссерлердің 90 пайызы "Оскар" алуды армандайтынына, Канн фестивалінде жеңіске жетуін армандайтынына сенімдімін: бізді мойындағандары керек. Ресейлік әріптестерімізді айтсақ, оларда ішкі фестиваль өте көп, олардың әрқайсы бірнәрсе алады, ол ынталандырып қояды, ал бізде ондай жоқ. Бізде кинофестиваль болғанның өзінде, олар халықаралық, қонақтар келетіндіктен көбіне соларға беруіміз керек, ал өзімізде фестиваль жоқ", - дейді актер.
Актердің сөзінше, карантин оның өз отбасын тани түсуіне ықпал еткен.
"Уақытымның көп бөлігін отбасыммен өткіземін. Бірақ бірнеше ай бойы, күн сайын - ол, әрине, сынақ болды, себебі әдетте екі апта бірге жүргеннен кейін мен бір жаққа ұшып кететінмін, сосын қайтадан келемін, белгілі бір ритм болатын. Осы жағдайдан шығуға тура келетін кездер болды, отбасыңмен көңіл көтеріп, ойындар ойлап тауып, бірнәрсе құрастырып дегендей. Қандай да бір жаңғыру болған сияқты, біз бір-бірімізге басқаша қарай бастадық", - дейді Санжар.
Сонымен қатар, Санжар Мәди жарына деген сезімі туралы сөз қозғады.
"Былайша айтқанда, мен оған үнемі ғашық боламын, әр кезде әртүрлі, жаңаша. Кейде бір адамды көресің, бәрі сыртынан-ақ көрініп тұрады да, болды, қызық емес. Ал мен әйелімнен үнемі жаңа нәрсені көремін, бірге көп қиындықтан, өте ауыр кезеңдерден өттік", - дейді актер.
Актердің сөзінше, кейде ол бар нәрсені қабылдай алмайды.
"Менің мінезім бүлік. Білмеймін, бәлкім ол бойға сіңіп қалған қасиет болар, бірақ ес білгелі мен бүлікшілмін, әлі күнге дейін бар нәрсені қабылдай алмаймын. Бірақ мен мына нәрсені үйрендім: егер сен оны қабылдай алмасаң, онда түсінігіңді, ойлауыңды өзгерт. Және ол маған көп жағдайда емес, бірақ кейде көмектеседі. Сонымен қатар, мен өзімнің дзенімді таппадым, мен әлі іздеу жолындамын", - дейді ол.
Сондай-ақ Санжар Мәди кедейліктен қорқатынын жасырмады.
"Отбасымды асырай алмай қаламын ба деп қорқамын. Бірақ ол жалпы қорқынышым емес, мен оны ойлап, түнде шошып оянбаймын. Ол менің бір тонуста жүруіме көмектеседі. Егер бір нәрсеге қолың жетсе, ол үнемі солай бола береді деген сөз емес екенін ескертіп отырады", - деді актер.
ER-BATYR - ер адамдарға арналған ерлер туралы, ер адамның қоғамдағы ролі, оларға артылған жауапкершілік пен саналы ер адамның отбасының және қоғамның дамуына қосатын үлесі жайлы жоба. Жоба аясында танымал кәсіпкерлер, спортсмендер, түрлі мамандық иелері өмір құндылықтары, жанұясының тұрмыс-салты, сондай-ақ ер адамның отбасындағы және қоғамдағы ролі туралы айтады.
Бұған дейін жоба қонақтары заңгер, блогер, марафон-жүзуші, Oceanman кітабының авторы Ержан Есімханов, альпинизмнен еңбегі сіңген спорт шебері Мақсұт Жұмаев, Chocofamily Holding-тің негізін қалаушы және СЕО Рамиль Мухоряпов, "Жаңа Ұрпақ" республикалық көшбасшылық мектебінің негізін қалаушы Асхат Абжанов, танымал футболшы, Қазақстанның үш дүркін чемпионы Давид Лория, сондай-ақ актер Тәуекел Мүсілім, қоғам қайраткері, әлеуметтік кәсіпкер, Bilim Media Group электрондық білім беру компаниясының негізін қалаушы және жетекшісі Рауан Кенжехан және "Қазақтелеком" АҚ басқармасының төрағасы Қуанышбек Есекеев.
Барлық шығарылымды ER-BATYR YouTube-каналынан көре аласыздар
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!