21 қазан 2020 19:16

Медицина - көмек емес, қызмет. ER-BATYR жобасында дәрігер Киреев

ПОДЕЛИТЬСЯ

ER-BATYR жобасының жаңа қонағы - танымал отбасылық дәрігер және педиатр Дмитрий Киреев. Спикер жүргізуші Тимур Балымбетовпен Денсаулық сақтау министрлігінің пандемиямен күресі, коронавирусқа қарсы вакцинаға деген сенім, фармкомпаниялардың лоббиі, сондай-ақ медицина туралы ойын айтты. Жобаның жаңа шығарылымын ER-BATYR YouTube-каналынан көріңіз.


ER-BATYR жобасының жаңа қонағы - танымал отбасылық дәрігер және педиатр Дмитрий Киреев. Спикер жүргізуші Тимур Балымбетовпен Денсаулық сақтау министрлігінің пандемиямен күресі, коронавирусқа қарсы вакцинаға деген сенім, фармкомпаниялардың лоббиі, сондай-ақ медицина туралы ойын айтты. Жобаның жаңа шығарылымын ER-BATYR YouTube-каналынан көріңіз.

Жобаның ұйымдастырушылары - Alash Media Group медиахолдингі және Montessori Qazaqstan қоғамдық қоры. Ақпараттық серіктестер - "Жетінші арна" және "ВКонтакте" әлеуметтік желісі. Жобаның серіктесі - Altel ұялы байланыс операторы.

Дмитрий Киреев - отбасылық дәрігер және педиатр, америкалық Отбасылық дәрігерлер қауымдастығының мүшесі (AAFP), курстардың авторы және дәрігер Киреевтің Отбасылық медицина мектебінің бас сарапшысы, дәлелді медицина туралы Insta-блогтың авторы, шамамен 130 мыңнан аса оқырманы бар. Сондай-ақ ол ультрамарафоншы IRONMAN-ның үш дүркін қатысушысы. 

Спикер Денсаулық сақтау министрлігінің пандемиямен күресі туралы ойын айтты. 

"Меніңше, 50 де 50 болды. Бастапқыда түсініспеушілік болған секілді. Қандай да бір дәрілер, жасанды тыныс алдыру аппараттары артығымен болуы керек еді. Бәрін отырғызып, бірнәрсе істеу керек еді, бірақ бәрі ұрланғаннан кейін ғана антикоррупция қызметін шақырып, қамап тастады. Оның нәтижесі қайда? Сосын клиникалар салдыра бастады, дәрілер көптеп беріліп, қандай да бір жүйе қалыптасты. Меніңше, коронавирус жүйедегі "шіріктерді" көрсетті. Екінші толқын кезінде, онымен күресе аламыз деп ойлаймын. Көбіне аурухана мен емханалар "ақсап тұр". Енді ауруханаға алып келген кезде дәрі де, оттегі де жеткілікті болады деп ойлаймын", - дейді спикер. 

Сонымен қатар, Дмитрий Киреев коронавирусқа қарсы вакцина туралы ойын айтты. 

"Қазір бірнеше вакцина әзірленді, көбіне Ресей мен Қытайда. Бірақ олар әлі сенімсіз, себебі әлі ДДҰ "иә, ол барлық клиникалық сынақтан өтті және оған сенуге болады" дейтіндей мақұлдаған жоқ. Біраз уақыт керек, қазір Батыста 500 мыңға жуық вакцинаны зерттеп жатыр. Ал Ресей ол кезеңнен өтпеді және жалпы картина әлі жоқ. Қазір вакцинаның бірінші дайындалуына қатысты жарыс негізсіз. Егер таңдауға мүмкіндік берсе, мен ресейлік вакцинаны салдырмаймын", - дейді дәрігер. 

Сұхбат барысында фармацевтикалық компаниялардың лоббиі сөз болды. 

"Қазір жағдай әлдеқайда жақсарды. Мысалы мен институтта оқып жүрген кезде, фармацевтикалық компаниялардың өкілі, біз оларды "медпредтер" деп атайтынбыз, кезекке тұрып, мұғалімдерге дәптер, қалам салынған пакеттермен кіретін. Одан бөлек, дәрігерлерді Түркия, Таиланд секілді елдерге жіберетін. Қазір жағдай басқаша. Бұрын оның бәрі дәрігердің жалақысы аздығынан болатын, жүйе кінәлі еді. Егер дәрігердің жалақысын көтеріп, бір нәрсені дұрыс істемесең лицензияңды алып тастаймыз деу керек", - дейді Дмитрий Киреев.

Маманның сөзінше, Қазақстанда дәрігерлердің жағдайы мәз емес. 

"Оның бәрі медицина қызмет емес, көмек ретінде қарастырылып келе жатқан кеңес кезеңінің салдарынан. Ал көмек деген тегін ғой, көмектес, ұстай тұр. Мен болған барлық халықаралық конференцияда ол көмек емес, қызмет екенін айтты. Оны неғұрлым ерте түсінсең, сол үшін саған ғана емес, науқастар үшін де жақсы. Бірақ бір айтарым, көптеген дәрігердің жағдайы нашар: бірнәрсені айтпай қалу, кішірейтіп сөйлеу - біздің стереотипте қалыптасқан. Мен институтта оқып жүрген кезде, бізге: "Сендер бұл жерде не істеп жүрсіңдер? Дәрігерлердің жалақысы аз, кеш болмай тұрғанда бұл жерден кетіп қалыңдар" дейтін. Сосын солай сөйлеп тұрған дәрігер джиппен кетіп бара жатқанын көресің", - дейді ол. 

ER-BATYR - ер адамдарға арналған ерлер туралы, ер адамның қоғамдағы ролі, оларға артылған жауапкершілік пен саналы ер адамның отбасының және қоғамның дамуына қосатын үлесі жайлы жоба. Жоба аясында танымал кәсіпкерлер, спортсмендер, түрлі мамандық иелері өмір құндылықтары, жанұясының тұрмыс-салты, сондай-ақ ер адамның отбасындағы және қоғамдағы ролі туралы айтады.

Бұған дейінгі жоба қонақтары Давид Лория және Самат Смақов, актер Тәуекел Мүсілім мен Сандар Мәди, сондай-ақ "Қазақтелеком" АҚ басқармасының төрағасы Қуанышбек Есекеев. 

Жобаның барлық шығарылымын ER-BATYR YouTube-каналынан көре аласыздар.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети