27 қазан 2020 12:30

ER-BATYR жобасында Ерден Телемісов: Төбелес, досынан айырылуы мен махаббат туралы

ПОДЕЛИТЬСЯ

ER-BATYR жобасында - танымал актер Ерден Телемісов. Ол сұхбат барысында неліктен актерлік әйелдердің мамандығы екенін, досынан айырылуы мен әйеліне махаббатсыз жасалған ұсынысы туралы айтады, сондай-ақ жүргізуші Тимур Балымбетовке актерлер кинода қалай жұдырықтасатынын көрсетеді. 


ER-BATYR жобасында - танымал актер Ерден Телемісов. Ол сұхбат барысында неліктен актерлік әйелдердің мамандығы екенін, досынан айырылуы мен әйеліне махаббатсыз жасалған ұсынысы туралы айтады, сондай-ақ жүргізуші Тимур Балымбетовке актерлер кинода қалай жұдырықтасатынын көрсетеді. 

Жобаның жаңа шығарылымын бүгін сағат 17:00-де ER-BATYR YouTube каналынан қараңыздар. Сондай-ақ, оны 16.30-да ВКонтакте желісіндегі Tengrinews.kz парақшасынан да қарай аласыздар. Жобаның ұйымдастырушылары - Alash Media Group медиахолдингі және Montessori Qazaqstan қоғамдық қоры. Ақпараттық серіктестер - "Жетінші арна" және "ВКонтакте" әлеуметтік желісі. Жобаның серіктесі - Altel ұялы байланыс операторы.

Ерден Телемісов - танымал актер, каскадер әрі тележүргізуші. Ол 15-тен аса фильм мен сериалға түскен, оның ішінде, "Марко Поло" атты Netflix жобасы, "Жауынгер" америкалық сериалы мен "МакМафия" америкалық-ұлыбританиялық сериалға түскен.  

ER-BATYR - ер адамдарға арналған ерлер туралы, ер адамның қоғамдағы ролі, оларға артылған жауапкершілік пен саналы ер адамның отбасының және қоғамның дамуына қосатын үлесі жайлы жоба. Жоба аясында танымал кәсіпкерлер, спортсмендер, түрлі мамандық иелері өмір құндылықтары, жанұясының тұрмыс-салты, сондай-ақ ер адамның отбасындағы және қоғамдағы ролі туралы айтады.

Бұған дейінгі жоба қонақтары Давид Лория және Самат Смақов, актер Тәуекел Мүсілім мен Сандар Мәди, сондай-ақ "Қазақтелеком" АҚ басқармасының төрағасы Қуанышбек Есекеев. 

Жобаның барлық шығарылымын ER-BATYR YouTube-каналынан көре аласыздар.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.15   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети