Өтембаевқа қатысты сотта тараптар киллерден жауап алуды талап етті

27 Қаңтар 2014, 14:00
0
Өтембаевқа қатысты сотта тараптар киллерден жауап алуды талап етті - Ержан Өтембаев. ©Роза Есенқұлова
Ержан Өтембаев. ©Роза Есенқұлова
Өтембаевқа қатысты сотта тараптар киллерден жауап алуды талап етті - Судья. ©Роза Есенқұлова
Судья. ©Роза Есенқұлова
Сот тергеуін сотталған киллер Рустам Ибрагимовтан жауап алудан бастау керек деп есептейді Алтынбек Сәрсенбаевтың туыстары мен адвокаттары, бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот залынан хабарлайды.

Бүгін, қаңтардың 27-сі күні Ержан Өтембаевқа қатысты сот процесі жалғасын тапты. Прокурор Өтембаевқа қатысты айыптауды оқыды. Бірақ бұл екі жақтың да түсініспеушілігін туғызды. "Түсінбедім, бұл не - 2006 жылғы ескі айыптау ма? Айыптаудың жазбаша нұсқасымен танысуыма бола ма?", - деді айыпталушы. Ал жәбірленуші тарап болса, сотқа Рустам Ибрагимовтың келуін талап етті. Өтембаевтың адвокаты да мұндай пікірді қолдап, сотты Ибрагимовтан жауап алудан бастау керектігін айтты.

Айыптау қорытындысына сәйкес, Ержан Өтембаев 2005 жылы Рустам Ибрагимовты қылмыс жасауға азғырған. Ішкі істер органдарында жұмыс істейтін, атудан тәжірибесі бар Ибрагимов 120 мың долларға Сәрсенбаевты өлтіруге келісімін береді. 2006 жылдың ақпан айында ол өзінің Ұлттық қауіпсіздік комитетіндегі сыбайластарымен бірге саясаткерді екі көмекшісімен қосып ұрлап әкетіп, көзін жояды.

Судья Асқарбек Бейімбетовтің айтуынша, Өтембаев 2006 жылы қарастырылған баптар бойынша айыпталып отыр. Сот Ибрагимовтің арызына байланысты жаңадан мәлім болған жайттарды қарайды. Өтембаев болса, айыптаулармен келіспейтінін мәлімдеді.

Еске сала кетейік, өткен сот отырысында Алтынбек Сәрсенбаевтің туыстары процесті кейінге қалдыруды талап еткен болатын. Судья отырысты қаңтардың 27-сіне қалдырған еді.

Ержан Өтембаев саясаткер Сәрсенбаевтың өліміне тапсырыс бергені үшін 20 жылға сотталған болатын. Ол темір тордың ар жағында сегіз жылдай отырды. 2013 жылы бұл оқиғаға қатысты жаңа мәліметтер пайда болды. Қылмысты орындаған киллер саясаткерді өлтіруге Өтембаев емес, Рахат Әлиев пен Әлнұр Мұсаев тапсырыс берді деп мәлімдеген еді. Бұл мәліметтерді Бас прокуратура жариялады. Соған байланысты Өтембаев ісін қайта қарау туралы шешім шығарылды.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай