Өзбекстан біз жаққа бір тамшы су да бармайды деген - әкім орынбасары Мақтааралдағы су басу туралы

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: ТЖК Фото: ТЖК

Өзбекстан біз жаққа бір тамшы су да бармайды деген. Бірақ су Мақтарал ауданына келіп жатыр. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов Facebook желісінің тікелей эфирінде айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Өзбекстан біз жаққа бір тамшы су да бармайды деген. Бірақ су Мақтарал ауданына келіп жатыр. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов Facebook желісінің тікелей эфирінде айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Неге біз эвакуация жұмыстарын кеш жүргіздік? Себебі, өзбек тарапы ресми түрде куәландырды. Бізде өзбек тарапымен алмасқан мәліметтер сақтаулы тұр. Онда кешегі сағат сегіз шамасында жағдай тұрақты ешқандай проблема жоқ екені айтылған. Тіпті, Түркістан облысы Мақтарал ауданына су келетініне алғы шарт болмаған", - дейді облыс әкімінің орынбасары.

 Осы орайда Сәкен Қалқаманов өңірді су басқанын атап өтті.

"Түркістан облысының әкіміне Өзбекстанның су ресустары жөніндегі министрі су ағыны тоқтатылды деген. Бірақ неге екені белгісіз су келіп жатыр... Ол біз жаққа яғни Өзбекстан тарапынан Мақтарал ауданына бір тамшы су да бармайтынын айтқан. Судың деңгейі 45 сантимерге төмендеген сияқты деген. Алайда біздің каналдар мен коллектордағы судың деңгейі орташа есеппен сағатына 10-20 сантиметрге көтеріліп жатыр", - дейді ол.

Сондай-ақ әкімнің орынбасары су тасқыны зардабының алдын алу бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Түркістан облысы төтенше жағдай департаментінің басшысы Нұрғали Жүнісов аудандағы ауылдарды су басқан кезде бірден Өзбекстанның төтенше жағдай министрлігіне хабарласқанын жеткізді.

"Олар біздің уақытпен кешкі сағат 20:15-те су қоймасы жабылғанын айтты. Бірақ мен Мақтаарал ауданындағы Жаңа Тұрмыс ауылына барғанда мұның ешқандай нәтиже бермегінін көрдім. Су ағысы қатты болды. Елді мекендердегі барлығы тұрғынды құтқарып үлгердік. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ", - деді ол.

Айта кетейік, Өзбекстанда 1 мамырда болған жаңбыр мен дауылдан кейін Сырдария облысындағы Сардоба су қоймасы бөгеттерінің бірі жарылған еді. Кейін Түркістан облысы Мақтаарал ауданында төтенше жағдай жарияланды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro