17 мамыр 2020 16:12

Өзбекстан президенті Тоқаевты туған күнімен құттықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: nuz.uz Фото: nuz.uz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өзбекстан президеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мирзиеев Тоқаевты туған күнімен құттықтап, оған зор денсаулық, бақыт пен жаңа табыс, ал бауырлас Қазақстан халқына береке мен өркендеу тілеген.

"Әңгіме барысында Сардоба су қоймасындағы төтенше жағдайдың салдарын жою жөніндегі өзара іс-қимыл және шаралар тиімді жүзеге асырылып жатқаны, әрі коронавирус инфекциясының таралуына байланысты екіжақты сауда-экономикалық қатынастардың теріс әсерін азайту бойынша іс-шараларын жүргізу керегі атап өтілді", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, екі елдің президенті жаңа сынақтар мен ортақ қауіп-қатерлерді еңсеру үшін тығыз ынтымақтастықты жалғастыру керегін атап өтті.

Сонымен қатар, әңгіме барысында күн тәртібіндегі өзбек-қазақ қарым-қатынасының өзекті мәселелері талқыға салынды, әрі мемлекет басшылары халықаралық саясаттағы бірқатар мәселелер бойынша пікір алмасты.

Сөз соңында Тоқаев пен Мирзиеев бауырлас екі ел арасындағы достық, тату көршілік және стратегиялық серіктестік қатынастарын одан әрі нығайтуға ниеттес екенін білдірді.

Айта кетейік, бүгін Қазақстан президенті 67 жасқа толды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети