23 маусым 2020 13:38

"Өзіме сенімді болдым". ҰБТ-да 138 балл жинаған Абзал Әбдіманап түлектерге кеңес берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Абзал Әбдіманап әкесімен Абзал Әбдіманап әкесімен

ҰБТ-да 138 балл жинаған Абзал Әбдіманап қазақстандық түлектерге кеңес берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


ҰБТ-да 138 балл жинаған Абзал Әбдіманап қазақстандық түлектерге кеңес берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҰБТ-2020-ның алғашқы күні ең жоғары балды Шымкент қаласы, Ордабасы ауданынан Абзал Әбдіманап жинаған болатын. Теспе орта мектебінің түлегі 140 балдың 138-ін алды. Мектепті жақсы үлгеріммен бітірген Абзал ҰБТ-да биология және химия пәндерін таңдаған. Енді медицина факультетіне оқуға түсуді жоспарлап отыр

"Мен ҰБТ-ны 21-і күні Шымкент қаласы, Темірлан ауданындағы Шоқан Уалиханов мектебінде тапсырдым. Тестілеу сұрақтары маған оңай болды, өзім оқыған, жақсы білетін тақырыптар келді. Тест тапсыру кезінде бақылаушылар бәрін қарап жүрді, жоғары балды өзімнің таза біліміммен алып шықтым", – дейді Абзал Әбдіманап. 

ҰБТ-ның бірінші күні ең жоғары балл жинаған оқушы туралы не белгілі?

Өзіне сенімді түлек болашақта тіс дәрігері болуды қалайды екен. Талапкер қатарластарына да тек өз біліміне сенуге кеңес беріп, сәттілік тіледі.

"Енді өзімнің жүрек қалауыммен медицина саласына түскім келеді. Болашақта ағаларым сияқты тіс дәрігері болсам деймін. Өзімнен кейін тапсыратын талапкерлерге шпаргалка сынды тыйым салынған заттарды алып кірмеуге кеңес беремін. Өйткені, оны алып кіре алмайсыздар, камерадан бәрі көрінеді, бақылаушылар да қарап тұрады. Қатарластарыма айтарым, тек өздеріңізге сеніңіздер, сіздерге сәттілік тілеймін", - деді шымкенттік түлек.

Түлек ҰБТ-да 120-дан астам балл жинауды алдына мақсат қойған екен.

"Мен алдыма мақсат қойып, қашанда соған жетуге талпынамын. ҰБТ-ға дайындалып жүргенде 120 балл аламын деп ойладым. Қазір 138 алғаныма өте қуаныштымын", – деді Абзал.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети