Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Өзін-өзі ұсынушы Тұрагелдиев мемлекеттік тіл емтиханынан өтті

12 Наурыз 2015, 13:28
0
Орталық сайлау комиссиясының ғимараты. ©Тұрар Қазанғапов
Орталық сайлау комиссиясының ғимараты. ©Тұрар Қазанғапов

Кезектен тыс президент сайлауына өзін-өзі ұсынған Қанат Тұрагелдиев мемлекеттік тіл емтиханынан өтті, - деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан" Орталық сайлау комиссиясына сілтеме жасап. 

Алматы тұрғыны, уақытша еш жерде жұмыс істемейтін Қанат Тұрагелдиев өзінің мемлекеттік тілді еркін меңгергенін растай алған төртінші үміткер атанды. "Қанат Тұрагелдиев "Отты жылдар тағылымы" тақырыбында шығарма жазды. Шығарма жақсы жазылған. Бірақ қателер бар, 7 қате. Дегенмен оның тақырыпты аша алғанын айта кету керек. Екінші тапсырмада ол Фариза Оңғарсынованың шығармасын оқып берді, жақсы оқыды, тіпті, мен оның көзіне жас келгенін байқадым. Үшінші тапсырма - еркін тақырып, ол "Халық тарихы және рухани жәдігерлер" тақырыбын таңдады. Тарих бойынша жақсы сөйледі, рухани ұғымдар туралы айтты", - деді лингвистика комиссиясының төрағасы Мырзатай Жолдасбеков емтиханнан соң журналистерге. 

"Егер қорытынды шығаратын болсақ, комиссия Қанат Тұрагелдиев қазақ тілін еркін меңгерген деген баға беріп отыр", - деді ол. 

Айта кетейік, мұның алдында президенттікке "Нұр Отан" партиясы атынан үміткер Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекеттік тіл емтиханынан сәтті өткені хабарланған еді. Қазіргі Мемлекет басшысы мемлекеттік тіл емтиханын 1 сағат 20 минут ішінде тапсырған. Бұдан соң Орталық сайлау комиссиясы оның Конституция мен сайлау туралы конституциялық заң талаптарына сәйкес келетінін мәлімдеді. 

Кезектен тыс президент сайлауы 2015 жылдың 26 сәуірі күні болады. Сайлауға қатысқандардың арасында лингвистика комиссиясы емтиханынан әзірше Қанат Тұрагелдиевпен бірге қазіргі Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, өзін-өзі ұсынушы Лимана Қойшиева және кандидаттыққа ҚКХП атынан ұсынылған Тұрғын Сыздықов өтті. Сайлауға үміткерлерді ұсыну 15 наурызда аяқталады. 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай