06 қараша 2014 | 11:56

Парламент 2014 жылға арналған нақтыланған бюджетті қабылдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

ҚР Парламенті Сенаты "ҚР "2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі палатаның жалпы отырысынан.


Иконка комментария блок соц сети

ҚР Парламенті Сенаты "ҚР "2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі палатаның жалпы отырысынан.

Сенаттың қаржы және бюджет жөніндегі комитетінің қорытындысына сәйкес, заң жобасы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының макроэкономикалық көрсеткіштерінің өзгеруіне байланысты жасалды, онда 2014 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша нақты кіріс пен шығыс мөлшері мен ҚР Ұлттық қорының қосымша тартылған мақсатты трансферттері есепке алынды. 

Мәжілісте заң жобасын таныстырған ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев бюджетке қатысты болжамды нақтылауға үш фактор әсер еткенін хабарлады: экономика салалары дамуының 2014 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы алдын ала мәліметтері, экономика салалары өсімінің 2014 жылға арналған мақсатты индикаторының нақтылануы және тауар нарығындағы әлемдік бағаның өзгеру үдерістері (мұнайдың әлемдік нарықтағы бағасы барреліне 95 доллар деңгейінде, металл бағасының алдыңғы жыл деңгейіне қатысты болжанып отырған деңгейі 104,1 пайыздан 93,7 пайызға дейін төмендеді).

"Экономиканың ағымдағы ахуалын ескерген жағдайда 2014 жылдың қорытындысы бойынша ІЖӨ-нің нақты өсімі 104,3 пайыз деңгейінде, яғни бұрын болжанған деңгейден 1,7 пайызға көп болады деп болжанып отыр. 2014 жылы кесімді ІЖӨ 40959,1 миллиард теңге болады, бұл бұрын мақұлданған көрсеткіштен 1335,4 миллиард теңгеге көп, соның ішінде, 2013 жылы база ұлғаюының оң нәтижесі есебінен 1754 миллиард теңгеге, салалардың нақтылы көлем индекстерінің төмендеуінен болған кері әсер салдарынан 418,6 миллиард теңгеге өседі", - деді министр.

Досаевтың айтуынша, өнеркәсіп өнімінің көлемі 2,7 пайыздан 0,8 пайызға дейін төмендетілді. 83 миллион тонна мұнай өндіру жоспары 81,8 миллион тоннаға азайтылды. "Қазақстандық экспортқа деген сұраныстың азаюы мен әлемдік нарықтағы мұнай мен металл бағасының азаюын ескерген кезде, тауарлар экспорты, болжам бойынша, 81 миллиард доллар, яғни мақұлданған болжаммен салыстырғанда 5,3 миллиард долларға аз болады. Тауар импорты 48,6 миллиард доллар болады, бұл бұрын мақұлданған болжамға қарағанда, 3,6 миллиард долларға төмен", - деді ол.

Макроэкономикалық көрсеткіштердің нақтыланған болжамы негізінде 2014 жылға арналған республикалық бюджет параметрлері болжамы да нақтыланып отыр. "ІЖӨ мен импорт бойынша болжамның азаюын ескере отырып, республикалық бюджет табыстары 2014 жылы 3940,4 миллиард теңге деп есептелді, бұл мақұлданған жоспардан 420,7 миллиард теңгеге аз. Импортталатын тауарларға салынатын қосымша құн салығы (225,3 миллиард теңге) мен халықаралық сауда және сыртқы операциялар салығы бойынша кірістердің анағұрлым төмендеуі күтіледі. Ұлттық қордан алынатын кепілді трансферт мөлшері бекітілген 1480 миллиард теңге деңгейінде қалды", - деп хабарлады ведомство басшысы.

Оның айтуынша, табыстардың азаюын ішінара өтеу мақсатында 2014 жылы бюджет тапшылығын 164,2 миллиард теңгеге (1082,8 миллиард теңгеге дейін) немесе ІЖӨ-ге қатысты 2,3 пайыздан 2,6 пайызға дейін ұлғайту ұсынылып отыр. "Ұлттық қорды басқару жөніндегі кеңестің бұрын қабылданған шешімдеріне сүйене отырып, 2014 жылдың республикалық бюджеті кірістерінде Ұлттық қордан алынатын 325 миллиард теңге сомасындағы қосымша мақсатты трансферттер қарастырылды. Қосымша мақсатты трансферттерді тартуды ескерген жағдайда 2014 жылға арналған республикалық бюджет шығыстары 7190,3 миллиард теңге (салыстырмалы түрде мақұлданған көлемнен 65,5 миллиард теңгеге көп) көлемінде болжанып отыр", - деді Досаев.

Қаржы министрі Бақыт Сұлтановтың айтуынша, бюджеттің табыс бөлігінің шығындарын жабу үшін шығыстар 259,5 миллиард теңгеге қысқартылып, тапшылық 164,2 миллиард теңгеге ұлғайтылды, оның 63,1 миллиарды - өткен жылдан қалған қалдықты тарту.

"Шығыстардың азаюы, негізінен, мына бағыттар бойынша іске асырылды: мемлекеттің міндеттемелерін орындауға байланысты шығыстар бойынша 61,8 миллиард теңге сомасындағы үнемдеу; мемлекеттік сатып алулар мен бюджет қаражатын алушылар контингентін өзгерту қорытындысы бойынша 68,5 миллиард теңге сомасында нақты үнемдеу; жыл қорытындысы бойынша қаражатты игермеушіліктің 93,5 миллиард теңге болады деп болжануы; елдегі қазіргі экономикалық ахуалды ескере отырып, басталып қойған және анағұрлым басым бағыттағы жобаларды аяқтау үшін 35,8 миллиард теңге сомасындағы жекелеген іс-шараларды іске асыруды ұзақ мерзімге кейінге қалдыру", - деді Сұлтанов.

Қаржы министрлігінің басшысы мемлекеттің жалақы, зейнетақы және жәрдемақы төлеу жөніндегі әлеуметтік міндеттемелері толық көлемде орындалатынын атап өтті. "Шығыстарды оңтайландырумен бірге жоба 55 миллиард теңге сомасындағы қаражатты қайта бөлуді қарастырады, бұл қаражат жылды сапалы аяқтауға, елдің инфрақұрылымдық дамуына басымдық бере отырып, ішкі экономикалық белсенділікті қолдауға, EXPO-2017 шеңберіндегі дайындық жұмыстарын жүргізуге, сонымен бірге, үшжылдық кезеңге арналған жүктемелерді азайтуға бағытталған", - деді ол.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети