19 қараша 2014 12:15

2015-2017 жылдарға арналған бюджет туралы заң жобасы мақұлданды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тұрар Қазанғапов ©Тұрар Қазанғапов

ҚР Парламенті Мәжілісі "2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасын мақұлдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі палатаның жалпы отырысынан.


ҚР Парламенті Мәжілісі "2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасын мақұлдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі палатаның жалпы отырысынан.

"2015-2019 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамдарын және Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арналған "Нұрлы Жол - Болашаққа бастар жол" атты Жолдауында берілген тапсырмаларды ескере отырып, 2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджет болжамдары қайта қаралды. 2015 жылы республикалық бюджет кірістері 4 159,5 миллиард теңге сомасында (бюджет жобасымен салыстырғанда 178,9 миллиард теңгеге аз), 2016 жылы 4 606,2 миллиард теңге (147,3 миллиард теңгеге аз), 2017 жылы 4 971,7 миллиард теңге (176 миллиард теңгеге аз) болады деп болжанып отыр", - деді ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев. 

Оның айтуынша, республикалық бюджет кірістерінде 2015 жылы Ұлттық қордан 707,5 миллиард теңге көлемінде,  2016 жылы 372,5 миллиард теңге көлемінде, оның ішінде: 1 триллион теңге шеңберінде екінші транш шараларын іске асыруға (2015 жылы - 360,0 миллиард теңге); Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арналған "Нұрлы Жол - Болашаққа бастар жол" Жолдауында айтылған тапсырмаларды іске асыруға (2015 жылы - 347,5 миллиард теңге, 2016 жылы - 372,5 миллиард теңге) мақсатты трансферттерді тарту ескеріліп отыр. Бюджеттің кесімді тапшылығы 2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасында көрсетілген көлемде сақталды.  

Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов 2015 жылға арналған республикалық бюджеттің қайта қаралу мүмкіндігін жоққа шығармады. "Біз макроэкономикалық саясатты қалыптастыру жөніндегі түпкілікті шаралардың қандай болатынын, мұнайдың, негізгі металдар бағасының қандай болатынын нақты айта алмаймыз. Егер әлемдік конъюнктура мұнай бағасы 80-нен 70-ке дейін құлайтындай болса, оны біз алғашқы тоқсанның қорытындысы бойынша шамамен ұғамыз да, бюджет процестерін қайта қарау үшін сіздерге, Парламентке қайтып келуге мәжбүр боламыз", - деді Мәсімов.

"Мемлекет басшысы халық алдындағы барлық әлеуметтік міндеттемелер орындалуы керек деген міндет қойды. Қалған бағдарламалардың бәрі қайта қаралуы мүмкін", - деді ол.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети