Парламент Қазақстан астанасы атауын өзгертуді қолдады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Парламент Қазақстан астанасы атауын өзгертуді қолдады Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Сенат пен Мәжіліс депутаттары елорда атауын Нұр-Сұлтаннан Астанаға өзгертуді қолдап дауыс берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сенат пен Мәжіліс депутаттары елорда атауын Нұр-Сұлтаннан Астанаға өзгертуді қолдап дауыс берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан астанасы атауын Астана деп өзгерту "Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына енгізілген.

"Елорда атауын өзгерту мәселесі қоғам тарапынан ұзақ уақыт бойы кеңінен талқыланып келеді. Ол кездесулер барысында, референдум кезінде азаматтар үндеуінде көтерілді. Сондықтан қоғамдық пікірді ескере отырып, депутаттардың бұл ұсынысы заң жобасына енгізілді. Елорданы қайта атау бойынша бастаманы "Жаңа Қазақстан" депутаттық тобы ұсынды. Осылайша, заң жобасы шеңберінде көзделген конституциялық новеллалар Мемлекет басшысының бастамалары мен депутаттардың ұсыныстарын толық көлемде іске асыруға мүмкіндік береді, бұл саяси жүйеге мүлдем жаңа стандарттар қояды", - деді Парламент палаталарының бірлескен отырысында әділет министрі Қанат Мусин.

Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжанов Қазақстан халқы Тұңғыш Президенттің мемлекеттілікті нығайтудағы сіңірген еңбегін жоққа шығармайтынына сендірді.

"Оның есімін елордадағы халықаралық әуежайға, бірнеше ескерткіштерге, саябақтарға, білім ошағына беру - құрмет белгісі. Халықтың басты талабы - бір кездері елордаға берілген Астана атауын қайтару", - деді ол.

Сонымен қатар, заң жобасына президенттік мерзімге жеті жылға бір рет сайлану нормасы енгізілген.

Бұған дейін елорда мәслихатында қоғамдық тыңдаулар өтіп, онда депутаттар бұл бастаманы бірауыздан қолдаған болатын.

2 қыркүйекте Мәжілістегі "Жаңа Қазақстан" депутаттық тобының мүшелері Астана атауын Нұр-Сұлтанға қайтаруды қолдады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети