07 қыркүйек 2022 16:45

Мәжіліс депутаттары елорда атауын өзгерту туралы пікір білдірді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Мәжіліс депутаттары Дания Еспаева мен Ирина Смирнова Астана атауын Нұр-Сұлтанға қайтаруды қолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мәжіліс депутаттары Дания Еспаева мен Ирина Смирнова Астана атауын Нұр-Сұлтанға қайтаруды қолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәжіліс отырысынан кейін журналистер депутаттардан мұндай бастаманың себебін сұрады.

"Бүгінде қоғам астананың бұрынғы атауын қайтаруды талап етіп отырғанын білесіздер. Қаржы тұрғысынан мұны қарастыру керек, бұл бір сәттік шығын емес екенін түсініп тұрған шығарсыздар. Қалай болғанда да, бастама болуы керек, оны қолдау керек, содан кейін ғана оның атауын өзгерту шаралары біртіндеп жүзеге асырылады. Қанша уақыт өтеді – жылдың аяғына дейін бе, келесі жылдың аяғына дейін – бұл сұрақ", – деп түсіндірді Дания Еспаева.

Ирина Смирнова БАҚ өкілдері сұрағына жауап бере отырып, ол үшін қала атауының соншалықты маңызды емес екенін атап өтті.

"Маған қала атауы бұл қаланың қалай өмір сүріп жатқаны, мұнда тұрғындарға қаншалықты жайлы екеніне қарағанда маңызды емес. Біреулер Ақмола, ал кейбіреулері Целиноград деп атауды ұсынып жатыр. Өйткені бұл ертедегі атаулар еді. "Жаңа Қазақстан" депутаттық тобы Астана атауына әлі оралайық деп шешті", - деді Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети