“Пәтерге алдап кіргізіп, үш сағат бойы ұрған“. Атырауда оқушыны аяусыз соққыға жыққандар ұсталды

Мейірман Лес
Мейірман Лес Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Пәтерге алдап кіргізіп, үш сағат бойы ұрған“. Атырауда оқушыны аяусыз соққыға жыққандар ұсталды Фото:depositphotos.com

Атырауда сегізінші сынып оқушысы аяусыз соққыға жығылған. Баланың анасының айтуынша, ұлын пәтерге алдап шақырып, үш сағат бойы тоғыз адам жабылып ұрып-соққан. Әйел оқиғаға қатысы бар адамдарды жазалауды талап етіп, өңірлік полиция басшылығынан істі жеке бақылауына алуды сұрайды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Атырауда сегізінші сынып оқушысы аяусыз соққыға жығылған. Баланың анасының айтуынша, ұлын пәтерге алдап шақырып, үш сағат бойы тоғыз адам жабылып ұрып-соққан. Әйел оқиғаға қатысы бар адамдарды жазалауды талап етіп, өңірлік полиция басшылығынан істі жеке бақылауына алуды сұрайды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Анасының айтуынша, оқиға 29 мамырда болған. Ұлына танысы қоңырау шалып, серуендеуге шығуды ұсынған. Алайда әйел әдеттегі кездесудің орнына мектеп оқушысы алдын ала дайындалған тұзаққа түскенін айтты.

"Ұлым пәтерге келгенде, ол жерде оны бір топ жасөспірім күтіп тұрған болып шықты. Күндізгі сағат үштен кешкі алтыға дейін оны бөлмеде ұстап, кезек-кезек соққыға жыққан. Оған қарсы тоғыз адам болған. Оның сыртқа шығуға немесе көмек шақыруға мүмкіндігі болмады", - деді жасөспірімнің анасы.

Оның айтуынша, оқиғадан кейін жанжалға қатысушылар мен олардың ата-аналарын өз бетінше іздестірген. Тіпті оқиғаны ұйымдастырған күдіктінің кім екенін де отбасы өз күшімен анықтауға мәжбүр болған.

Зардап шеккен баланың отбасында тексеру барысына қатысты да сауалдар туындап отыр. Мектеп оқушысының анасы полицияға жүгінгеннен кейін сот-медициналық сараптаманың бірден тағайындалмағанын айтты.

"Бізді жарақаттар туралы анықтама алу үшін травматологияға жіберді. Демалыс күні және мамандардың жоқтығын алға тартып, сот-медициналық сараптама жүргізбеді", - деді ол.

Әйелдің айтуынша, жанжалға қатысқан кейбір жасөспірімдердің ата-аналары кәмелетке толмағандықтан, балаларына ешқандай қатаң жаза қолданылмайтынын айтып отырған көрінеді.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Рүстем Баязиевтің (@rustembayaziev) жариялауынан


Бұл оқиға әлеуметтік желілерде үлкен резонанс тудырды. Желі қолданушылары тергеудің объективті жүргізілуін және болған жайтқа қатаң құқықтық баға берілуін талап етіп отыр. Жасөспірімдер арасындағы агрессия мен буллинг фактілерінің жиілеуі фонында мұндай қақтығыстардың "балалардың өзара есеп айырысуы" деңгейінен әлдеқашан асқаны және оның соңы ауыр зардаптарға әкеп соқтыруы мүмкін екені туралы пікірлер жиі айтылады.

Зардап шеккен баланың туыстары Атырау облысының полициясына тергеуді жеке бақылауға алып, мән-жайды мұқият анықтауды сұрап өтініш білдірді. Сонымен қатар полиция тергеу мүддесіне байланысты жанжалдың себептері мен соққыға жыққандардың мақсатын әзірге жариялаған жоқ.

Өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі құқық бұзушылыққа қатысы бар 15–16 жас аралығындағы жасөспірімдер анықталып, заңды өкілдерімен бірге Атырау қалалық полиция басқармасына жеткізілгенін хабарлады.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

"Кәмелетке толмағандар ішкі істер органдарында профилактикалық есепке алынды. Жинақталған материалдар одан әрі қарау үшін Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға жолданады. Сонымен қатар жасөспірімдердің ата-аналары бала тәрбиелеудегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деп хабарлады Атырау облыстық ПД баспасөз қызметі.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 486.51   567.34   6.86 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +32
Астана +25
Ақтау +22
Ақтөбе +15
Атырау +20
Б
Балқаш +34
Ж
Жезқазған +28
Қ
Қарағанды +23
К
Көкшетау +20
Қ
Қостанай +32
Қызылорда +35
П
Павлодар +22
Петропавл +35
С
Семей +37
Т
Талдықорған +30
Тараз +36
Түркістан +15
О
Орал +31
Ө
Өскемен +34
Ш
Шымкент +35

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер