25 қыркүйек 2022 09:05

Павлодар әкімі 10 мың теңге сұраған студенттің өтінішіне жауап берді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

© facebook © facebook

Павлодар әкімі Асаин Байханов Instagram сторизінде қызық скриншот жариялады. Онда әкім өзінен ақша сұраған студентпен хат жазысқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Павлодар әкімі Асаин Байханов Instagram сторизінде қызық скриншот жариялады. Онда әкім өзінен ақша сұраған студентпен хат жазысқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сіз әкімсіз ғой, қалтаңызда үнемі тиын болады. Мен сізді, әкімсіз және миллионерсіз деп жатқан жоқпын. Жоқ, мен жәй сіздің жағдайыңыз менікінен сәл жақсырақ екенін түсінемін. Сондықтан, өтінемін, менің Каспиіме 10 000 аударыңызшы. Жүріп-тұрғанға. Әйтпесе шәкіртақы тек айдың аяғында үседі", - деп жазған жас жігіт әкімге.

Әкім болса күтпеген жерден жауап беріп, жігіттің өтінішін орындауға уәде берген. Сонымен қатар, студентке көмек сұрамай, жұмыс істеу керек екенін түсіндіріпті.

"Келістік, осы жолы мен сізді қолдаймын және көмектесемін. Бірақ сіз, көмек сұрамай, еңбек етуіңіз керек. Мен өркениеттен алыс ауылда туып-өстім. Қалтамда бір тиынсыз қалаға келдім. Бұл, керісінше, маған күшті мотивация болды. Шаршамай, өмір сәтсіздікке толы болғанына қарамастан, құлшынысты жоғалтпай жұмыс істедім. Сондықтан, ешкім сізге жайдан-жай ештеңе бермейді, аянбай жұмыс істеу керек, ең бастысы жалқау болмау", - деп кеңес берген әкім.

Асаин Байханов 2021 жылдың шілдесінде Павлодар қаласының әкімі болып тағайындалған болатын. Бұған дейін ол Павлодар облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

Оның Instagram-парақшасында 25 мыңнан аса жазылушысы бар. Әкімнің айтуынша, ол парақшасын өзі жүргізіп, қала тұрғындары хатына өзі жауап береді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети