Өз басын қатерге тігіп, балаларды құтқарып қалып, зардап шеккен павлодарлық полицей Мұрат Нұрпейісов бірнеше күн бойы елордалық санавиацияны күтіп қалған, оны Астанаға алып кетуі керек, - деп хабарлайды pavlodarnews.kz. Бұл туралы Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің өкілі Махаббат Мұхамадиева агенттікке берген сұхбатында мәлімдеді.

"Мұрат Нұрпейісов әлі де Павлодарда. Мен астаналық мамандардан науқасты неліктен және қашан Астанаға алып кететінін сұрастырдым, - дейді Махаббат Мұхамадиева. - Біздің дәрігерлер оны жіберуге дайын, бірақ біз оны неге алып кетпей жатқанын білмейміз. Консилиум шешімі бойынша, науқас елордаға жеткізілетін болды, енді оған бұл жақта жатудың қажеті жоқ. Оған қандай ем қабылдау керектігі сол Астанада шешіледі.
Еске салайық, бұл оқиға 17 ақпанда болған еді. Баянауыл аудандық ішкі істер бөлімі полициясының қызметкерлері қызметтік Lada Granta көлігімен балалар отырған автобусты алып келе жатқан. Балалар Павлодардағы шаңғы жарысына қатысуға бара жатқан. Кенет Павлодар-Астана автожолында Қалқаман ауылының маңында КамАЗ жүргізіп келе жатқан 50 жастағы жүргізуші қарсы бағыттағы жолға шығып кеткен. Жүк көлігі мен балалар отырған автобус соғыспауы үшін полиция старшинасы Мұрат Нұрсейітов ойланбастан қызметтік көлікті жолға көлденең бұрып үлгерген. Осыдан кейін автобусқа қарай келе жатқан КамАЗ полиция көлігін соққан. Жол апатының салдарынан полицей түрлі жарақатымен Павлодардағы ауруханаға жеткізілген. Автобуста 18 бала және оларды алып келе жатқан төрт тәрбиеші болған.