27 сәуір 2021 09:22

Павлодар көшелерінде вакцинация орындары ашылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Казанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Казанғапов

Павлодар тұрғындары коронавирусқа қарсы вакцинаны көшелерде арнайы шатырларда салдыра алады. Олар халық көп жиналатын жерлерде және қаладағы сауда үйлері алдында орнатылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Павлодар тұрғындары коронавирусқа қарсы вакцинаны көшелерде арнайы шатырларда салдыра алады. Олар халық көп жиналатын жерлерде және қаладағы сауда үйлері алдында орнатылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Арнайы шатырда кез-келген адам вакцина салдыра алады. Адамдарды вакцинациядан кейінгі алғашқы жарты сағатта бақылайтын арнайы орындар жабдықталады.

Дәрігерлер ақпараты бойынша, Павлодар облысында вакцинаның екі компонентін 6,6 мың адам алған. Ол халықтың 5,9 пайызы. Вакцинацияны жандандыру үшін аймақта қосымша егу пункттері құрылады.

"138 егу кабинеті дайындалды, 37 көшпелі бригада жұмыс істейді. Ірі кәсіпорындарға барамыз, сауда үйлері, спорт кешендері, оқу орындарында стационарлық пункттер бар. Емханаларда 3-5 екпе кабинеті ашылды. Ертең вокзал маңындағы алаңда жылжымалы пункт ашамыз. Вакцина көп түскен кезде ірі сауда үйлері алдында, орталық жағалауда шатырлар ашуды жоспарлап отырмыз. Кезек тудырмауға тырысамыз, сондықтан халық көп жиналмауы үшін вакцинациялау үшін қосымша пункттер ашылады", - деді Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Айдар Сейтқазинов брифингте.

Павлодарда адамдардың қалауымен отандық вакцинаны егу басталған.

"Біз QazVac вакцинасының алғашқы екі мың дозасын алдық, әр компоненттен мың. Олар Павлодар емханалары арасында бөлінген. Бүгінде бұл вакцинаны 200-ден аса адам алды. Асқынулар жоқ. Сондай-ақ, бүгін алты мың доза "Sputnik V" вакцинасы түсті. Қазіргі уақытта бізде екі вакцина бар, тұрғындар қайсысын егуді таңдай алады", - деді Сейтқазинов.

Айта кетейік, 26 сәуірде Павлодар облысы коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймаққа өткен еді. Жағдайды ЖРВИ-дің маусымдық өршуі қиындатқан. Өңірде эпидемиологиялық жағдай нашарласа, карантин күшейтіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети