21 сәуір 2022 12:09

Павлодар мектебінде шыққан өрт сөндірілді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:instagram.com/pavlodar_tjd Фото:instagram.com/pavlodar_tjd

Павлодар мектебінде шыққан өрт сөндірілді. Өртті сөндіруге екі сағаттан астам уақыт кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Павлодар мектебінде шыққан өрт сөндірілді. Өртті сөндіруге екі сағаттан астам уақыт кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Аумағы 1220 шаршы метрді құрайтын кеңсенің шатыры, жиһаздары өртенді. Өрт сағат 11.15-те сөндірілді. 1975 жылы туған әйел уланып, ауруханаға жеткізілді. Жағдайы орташа ауыр. Өрттің себебі мен шығыны анықталып жатыр", - деп хабарлады Павлодар қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Мектеп директорының айтуынша, өрт физика кабинетінің зертханасында болған. Оқиға кезінде сыныпта 47 жастағы физика пәнінің мұғалімі болған.

"Физика пәнінің мұғалімі өрт туралы хабарлады. Дереу өртсөндіргішпен өртті сөндіруге кірістік, өзіміз сөндіре алмағандықтан өртсөндірушілерді шақырдық", - деді мектеп директоры.

Сондай-ақ, білім мекемесі ғимаратқа 2020 жылы шамамен 200 миллион теңгеге күрделі жөндеу жүргізілгенін хабарлады. Олар шатырды жөндеп, қабырғаларын дұрыстап, еден мен электр сымдарын ауыстырған.

Қазір өрттің шығу себептері анықталып жатыр. Оқиға орнына Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов аттанды.

"Мен төтенше жағдай орнындамын. Бұл бір аптада мектептерде болған екінші өрт. Өрт қауіпсіздігі саласындағы жағдайды егжей-тегжейлі түсінетін боламыз", - деп жазды Әбілқайыр Сқақов Instagram-да.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.58   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети