25 маусым 2020 18:37

Павлодар облысында 17 оқушы ҰБТ-ға кіре алмай қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар облысында ҰБТ тапсыруға келген 17 түлектен тыйым салынған зат табылды. Бұл туралы облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Жомарт Қарамбаев айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі pavlodarnews.kz порталына сілтеме жасап.


Павлодар облысында ҰБТ тапсыруға келген 17 түлектен тыйым салынған зат табылды. Бұл туралы облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Жомарт Қарамбаев айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі pavlodarnews.kz порталына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, тест нәтижелері жойылған түлектер 1 жыл бойы университетке түсе алмайды.

"Облыста ҰБТ басталған 5 күннің ішінде 17 түлек тестілеуден шығарылып, нәтижелері жойылды. Олар тыйым салынған заттар қолданған. Ақтоғай ауданы мен Екібастұз қаласында – 5, Тереңкөл ауданы мен Павлодар қаласында – 3 және Ақсу қаласында 1 түлек ҰБТ-дан шығарылды. Бұл түлектердің басым бөлігі ұялы телефон және шпаргалка пайдаланған. Ал Ақтоғай ауданында 1 түлек смарт сағат қолданған" - деді ол онлайн баспасөз мәслихатында.

Павлодар облысы білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Еркімбек Аязбаев 17 түлектің үшеуінде тыйым салынған заттар тест тапсыру пунктіне кіреберісте табылғанын атап өтті.

"Әр түлек кіреберісте тұрған арнайы дәптерге тыйым салынған заттар табылған жағдайда өзі жауапты екені және нәтижелері жойылатыны туралы ережемен танысып, қол қояды. Тек содан кейін ғана тест тапсыруға кіреді. Павлодар және Екібастұз қалаларында 2 оқушыдан, Ақсу қаласында 1 оқушыдан кіреберісте заттар табылып, тестілеуге жіберілген жоқ", - деді басшы.

Ал Жомарт Қарамбаев ҰБТ тапсыратын түлектердің ата-аналарына ескерту жасады.

"Ата-аналар мұны назарына алуы керек. Бейнежазбаны қайталап көру кезінде тыйым салынған заттарды пайдаланған түлектер анықталып жатыр. Олардың нәтижелері жойылып, сертификат берілмейді. Арнайы комиссия 25 тамызға дейін аудиториялардағы бейнежазбаны қайталап көред, - деді облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары.

Айта кетейік, 21 маусымда елімізде ҰБТ басталған болатын

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети