Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Павлодар облысында 25 адам сібір жарасын жұқтырған деген күдік бар

09 Шілде 2016, 20:09
0
© РИА Новости
© РИА Новости

Павлодар облысында 25 адам сібір жарасын жұқтырған болуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Осыған дейін Ертіс ауданындағы ауылдың екі тұрғынында сібір жарасы індеті бар деген күдік болған еді. 

"8 шілдеде Ертіс ауданындағы ауылдың екі тұрғыны Павлодардағы облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілді. Эпидемиологиялық зерттеудің барысында 27 маусымда Ұзынсу ауылында тұратын қожайын ауырып қалған сиырды ветеринарлық куәландырусыз сойған. Байланысы бар деген 25 адам анықталды, барлығы аудандық орталық аурухананың жұқпалы ауруханаға жеткізілді. Олар бақылауда болады және оларға химиялық алдын алу шаралары жасалады", - делінген облыстық әкімдіктің таратқан хабарында. Ведомствоның мәліметінше, бақылауда жатқан 25 адамның алтауы 1-6 жас аралығындағы балалар. Ресми мәлімет бойынша, ауру малдың 117 келі еті Ертіс ауылындағы "Майра" кафесіне сатылған. "Қазіргі уақытта қалған ет пен терісі тәркіленді. Дезинфекция жасалды", - деп хабарлады әкімдіктегілер. 

Сібір жарасын жұқтырған болуы мүмкін деген адамдардан алынған сынамалардың республикалық зертханаға жіберілгені белгілі болды. Осылайша, әзірше Павлодар облысында сібір жарасын жұқтыру дерегі ресми түрде расталмай отыр.

"Сібір жарасының симптомдарына ұқсас белгілері бар адамдарды қарадық. Нәтижесі теріс. Қазіргі уақытта деректі толықтай жоққа шығару үшін сынамалар республикалық зертханаға жолданды", - деп хабарлады тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің жетекшісінің міндетін атқарушы Ирина Сорокина. Тексерулердің әлі де жүріп жатқаны айтылды.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай