04 қаңтар 2024 12:44

Павлодар облысында адамдар мінген автобус жер астына құлады: қаза тапқандар бар

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Павлодар облысында адамдар мінген автобус шұңқырға түсіп кетті. Оқиға орнында түсірілген видео пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Павлодар облысында адамдар мінген автобус шұңқырға түсіп кетті. Оқиға орнында түсірілген видео пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шахта жұмысшылары оқиға орнын видеоға түсіріп алған. Ресми мәлімет бойынша, 4 қаңтарда сағат 01:25 шамасында Павлодар облысы Баянауыл ауданында "Майқайыңзолото" АҚ аумағында, Майқайың кенішінің шахтасының маңында төрт жолаушысы бар автобус тазарту алаңына құлап кеткен.

"Құм арасынан екі құтқарушының денесі табылды. Оларды жоғарыға шығару жұмыстары жүріп жатыр. Біз әріптестеріміздің отбасына қайғыра көңіл айтамыз", - делінген КӘАҚҚ РОШ ақпаратында.

Еске салайық, бұған дейін Павлодар облысының Баянауыл ауданында "Майқайыңзолото" АҚ-на қарасты шахта жанындағы тазарту кеңістігінде кеніш опырылып 4 жолаушысы бар автобус құлап кеткені хабарланған еді. Облыстық төтенше жағдайлар қызметі баспасөз қызметінің мәліметінше, опырылған жердің алдын ала ұзындығы 150-200 метр, ені 500 метр, опырылған жердің тереңдігі 150 метр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети