02 наурыз 2021 10:06

Павлодар облысында былтыр өлім-жітімнен рекорд тіркелді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

2020 жылы соңғы алты жылда өлім-жітімнің рекорд деңгейі Павлодар облысында тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар-онлайн сайтына сілтеме жасап. 


2020 жылы соңғы алты жылда өлім-жітімнің рекорд деңгейі Павлодар облысында тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар-онлайн сайтына сілтеме жасап. 

Павлодар журналистері 2020 жылы пандемия уақытында өлім деңгейі қалай өзгергенін анықтады. Деректерді облыстың статистика департаменті ұсынды.

Өлім деңгейінің соңғы алты жылдағы ең жоғары көрсеткіші 2020 жылы болған екен. Мысалы, 2015 жылы Павлодар облысында 7 246 адам қайтыс болды, 2016 жылы - 7 316, 2017 жылы - 7 277, 2018 жылы - 7 360, 2019 жылы - 7 377 адам. Ал 2020 жылы 8 791 адам көз жұмған.

2019 бен 2020 жылдарды салыстырсақ, өсім облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалады.

Өлім ең көп тіркелген кез 2020 жылдың шілдесі: 1 444 адам. Ең төменгі деңгей сәуірде тіркелді - 230 адам. Дәл осы жаздың екінші айында COVID-19 ауруының шыңы болды. Алайда шілдеде барлығы коронавирустан қайтыс болған жоқ. Былтыр адам өлімінің себебін зерттеген комиссия жұмыс істеді. Ресми мәліметтер бойынша, былтыр коронавирустан 160 адам қайтыс болған.

Павлодар облысы тұрғындары өлімінің жиі кездесетін себебі қан айналымы жүйесінің аурулары (1 787 адам), тыныс алу ағзаларының аурулары (1 187), ісіктер (951), жазатайым оқиғалар мен улану (674), ас қорыту ағзаларының аурулары (517) және инфекциялық, паразиттік аурулар (93).

Ал облыстық кардиоорталық өкілдері науқастардың өліміне көбіне инсульт пен инфаркт әкелгенін мәлімдеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети