Павлодар облысында жаңа шектеулер енгізілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар облысында жаңа шектеулер енгізілді

Павлодар облысында карантин шаралары күшейтілді. Жаңа қаулыны Павлодар облысының бас санитария дәрігері қабылдады. Шектеулер 3 мамырдан бастап күшіне енеді және сауда үйлері, тамақтану, спорт, кинотеатр және жолаушылар тасымалы нысандарының жұмысына әсер етеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар облысында карантин шаралары күшейтілді. Жаңа қаулыны Павлодар облысының бас санитария дәрігері қабылдады. Шектеулер 3 мамырдан бастап күшіне енеді және сауда үйлері, тамақтану, спорт, кинотеатр және жолаушылар тасымалы нысандарының жұмысына әсер етеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Демалыс күндері сауда және ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарлар жұмысын тоқтатады. Сенбі және жексенбіде "Ashyq" жобасына қатысатын нысандарды қоспағанда, сауналар, СПА-орталықтар, бассейндер, спорттық-сауықтыру және фитнес-орталықтар жабылады.

Сонымен қатар, кинотеатрлар, театрлар, концерт залдары, компьютерлік және боулинг орталықтары жабылады. Жаңа шектеулердің "Аshyq" жобасын қолданатын нысандараға қатысы жоқ. Онда нысаның 20 пайызына дейін келушілерді қабылдауға рұқсат етіледі.

Шектеу жолаушылар тасымалына да әсер етеді. Өңірде Павлодар-Ақсу, Павлодар-Кемеңгер және Павлодар-Заңғар бағыттарымен біріктірілген Ақсу-Павлодарды қоспағанда, облысаралық, облысішілік және қалааралық автобус тасымалдары тоқтатылады.

"Ashyq" жобасына қатысатын нысандарды қоспағанда, азық-түлік дүкендері сағат 22.00-ге дейін, ал қоғамдық тамақтану орындары сағат 20.00-ге дейін жұмыс істейді. 

Жаңа құжат бойынша мемлекеттік ұйымдар, квазимемлекеттік сектор органдары, ұлттық компаниялар, өзге де ұйымдар, сондай-ақ кәсіпкерлік субъекті қызметкерлерінің 80 пайызы қашықтан жұмыс істеуге ауыстырылады.

Айта кетейік, биыл 26 сәуірден бастап Павлодар облысы "қызыл" аймақта тұр. Соңғы тәулікте өңірде 146 жаңа COVID-19 жұқтыру жағдайы тіркелген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети