18 ақпан 2022 09:13

Павлодар облысында үш жасар баланы ұрған тәрбиеші жазаланды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

© elements.envato.com © elements.envato.com

Павлодар облысында үш жасар баланы ұрған 26 жастағы тәрбиеші жазаланды. Әйел 4 ақпанда баланың сандарынан екі рет ұрды деп айыпталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Павлодар облысында үш жасар баланы ұрған 26 жастағы тәрбиеші жазаланды. Әйел 4 ақпанда баланың сандарынан екі рет ұрды деп айыпталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Балабақшаға барудан бас тартып, тәрбиеші ұрды деп шағымданған баланың ата-анасы дабыл қаққан. Баланың анасы балабақша басшылығына хабарласып, бейнебақылау камераларының жазбасын сұраған. Мектепке дейінгі мекемедегі бейнежазбаны тексеру нәтижесінде  аталған мән-жайлар толығымен расталды.

Іс ӘҚБтК-нің 73-2-бабының бірінші бөлігі - "ұрып-соғу" бойынша қаралды. Сотта тәрбиеші кінәсін толық мойындап, кешірім сұрады. Алайда баланың анасы татуласудан бас тартты. Ол балабақша қызметкерінің мұндай әрекетін орынсыз деп санайды.

Соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, тәрбиеші қамауға алынбаған, өйткені ол 14 жасқа толмаған екі баланы тәрбиелеп отыр. Балабақша қызметкері 30 630 теңге айыппұл төлеуге міндеттелді. Сотта білім бөлімінің атына жеке қаулы шығарылды, ал ведомство мұндай жағдай қайталанбауы үшін шаралар қабылдауы тиіс.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети