16 ақпан 2019 12:09

Павлодар облысының әкімі жаңа орынбасарларын таныстырды

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қайрат Нүкенов пен Рүстем Құрманов Қайрат Нүкенов пен Рүстем Құрманов

Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов жаңа орынбасарларын таныстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Олар бұрынғы ауыл шаруашылығы вице-министрі Рүстем Құрманов пен Түркістан облысы әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Қайрат Нұркенов болды.


Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов жаңа орынбасарларын таныстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Олар бұрынғы ауыл шаруашылығы вице-министрі Рүстем Құрманов пен Түркістан облысы әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Қайрат Нұркенов болды.

Рүстем Құрманов ауыл шаруашылығы мәселелерін жетекшілік етеді, ал Қайрат Нұркенов кәсіпкерлікті дамыту және өңірге инвестиция тарту, өнеркәсіптік кәсіпорындардың жұмысына жетекшілік етеді. 

Бұл жаңалықты Павлодар облысы әкіміні Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында бөлісіп, оларға жаңа жұмыс орнында табыс тіледі. Бақауов оның бұрынғы орынбасарлары Дәурен Махажанов пен Жайық Шарабасов басқа жұмысқа ауысатынын хабарлады.


Рүстем Құрманов

37 жастағы Рүстем Құрманов Новоишим ауылында дүниеге келген. Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін бітірген. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ақмола облыстық аумақтық басқармасында жетекші маман, бас, кейін бөлім басшысы болып қызмет еткен. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі басқармасының басшысы лауазымында болған. Ұлттық кәсіпкерлер палатасында қызмет атқарған. 

Ауыл шаруашылығы вице-министрі лауазымына тағайындалғанға дейін ауыл шаруашылығы министрінің Кеңесшісі және одан кейін ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің кеңесшісі міндетін атқарды. 2017 жылы республиканың ауыл шаруашылығы вице-министрі болып тағайындалды.


Қайрат Нүкенов

Қайрат Нүркенов 1970 жылы Павлодар облысы Захаровка ауылында дүниеге келген. Сібір мемлекеттік автомобиль-жол академиясын "Кәсіпорындағы экономика және басшылық" мамандығы бойынша, Столыпин атындағы Омбы мемлекеттік университетін бітірген.

Павлодар облысы Железинск ауданының әкімі, Ақсу және Екібастұз әкімі болған. 2018 жылы Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети