03 ақпан 2021 16:55

Павлодарда бардан қашқандар видеоға түсіп қалған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

"Евразия" бірінші арнасының журналистері Павлодарда бардан қашып бара жатқандарды видеоға түсіріп алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Евразия" бірінші арнасының журналистері Павлодарда бардан қашып бара жатқандарды видеоға түсіріп алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Журналистер тексеру қызметімен Павлодардағы танымал барлардың біріне барған. Тілшінің айтуынша, барға тек "таңдаулылар" кіре алады. Онда таныстар арқылы жазылу керек. Нысан жабық болғанымен, жақындасаңыз ішінен шығып жатқан музыка мен адамдардың даусын естуге болады. Ал күзетші полицейлерге есік ашпады.

Сюжетте екі қыздың бардан қашуға тырысқанын көруге болады. Олар қоршаудан секіріп өтпек болған.

"Әсем, тезірек, сенде шық", - дейді оларың бірі.

"Мұнда не істеп жүрсіз, кімдермен келдіңіз?" деген журналист сұрағына: Барда ма? Ештеңе. Ешкіммен келген жоқпын", - деп жауап береді сюжет кейіпкері.

"Далаға шыққаным сол еді екі қыздың жүргенін көрдім. "Менің үйімде не істеп жүрсіңдер? Бөтен адамның ауласында рұқсатсыз жүруге құқығыңыз бар ма?" - деп сұрадым. Кейін екеуінде қақпадан шығарып жібердім. Олар сол жерде ұсталыпты", - дейді барға көрші жатқан үйдің қожайыны Валентина Тулубаева.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети