30 сәуір 2014 18:44

Павлодарда дәрігерге жала жапқан пациент сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Vesti.kz ©Vesti.kz

Павлодарда дәрігерге жала жапқан әйел сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық сотқа сілтеме жасап.


Павлодарда дәрігерге жала жапқан әйел сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық сотқа сілтеме жасап.

Соттың ақпаратына қарағанда, 50 жастағы пациент әйел, ІІ топтағы мүгедек өзін емдеген дәрігерге жала жапқан. "Павлодар облысы қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық алқасының қаулысымен әйел "Көпшілік алдында сөз сөйлегенде жала жабу" бабы бойынша кінәлі деп танылды. Оған бір жыл бостандығын шектеу түрінде жаза тағайындалды", - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Пациенттің жала жапқанын Екібастұз емханаларының бірінің уролог дәрігері Қуандық Жұматаев әшкереледі. "Әйел куәгердің көмегімен сотқа тартылды, сотта Жұматаевтың медицина мекемесі басшылығына азаматтық шағымы қаралған. Сотқа түсінік бере отырып, әйел Павлодардағы диагностикалық орталыққа жіберу үшін дәрігердің өзінен 10 мың теңге талап еткенін айтты", - дейді сот өкілдері.

Жұматаевтың айтуынша, әйел сотқа дейін де бірнеше инстанцияға оның үстінен шағым түсірген. "Мені "дұрыс емдемеді", "мейлінше толық тексеруге жіберу үшін ақша талап етті" деп шағымдар жазды. Мен бәріне шыдадым, түсініктеме жазып, олай болмағанын дәлелдедім. Бірақ ол маған жұрт алдында жала жаба берді, мен оны жайдан-жай қалдыра алмадым. Сондықтан соттан өзімді қорғауды сұрадым", - дейді Жұматаев.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети