15 шілде 2017 18:03

Павлодарда жоғалған оқушы қыз табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда жоғалған оқушы қыз табылды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне қыздың анасы Оксана Сабурова хабардады. 


Павлодарда жоғалған оқушы қыз табылды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне қыздың анасы Оксана Сабурова хабардады. 

"Қызым табылды, тірі, оны табуға еріктілердің бірі көмектесті. Қазір Аня үйде, әзірше өзге мән-жайын айта алмаймыз", - деді әйел. Оксана Сабурова уайымдап, іздеуге көмектескендерге алғыс айтты. 

Айта кетейік, қыз жұмбақ жағдайда жоғалып кеткеннен кейін екі тәулік өткенде табылып отыр. Жасөспірімді іздеуге полиция қызметкерлері тартылған. Қыздың ата-анасы оның сүйіктісі болуы мүмкін екенін жоққа шығармаған. 

Еске салайық, 13 жастағы Анна Сабурова 12 шілдеде жоғалып кеткен. Әкесі кешкі уақытта қызымен телефон арқылы сөйлескен, сол әңгімесінде қызы торт сатып алуға баратынын айтқан. Содан бері оны ешкім көрмеген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети