29 шілде 2020 11:50

Павлодарда көпбалалы отбасыларға көмекке қызанақ беріледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Pavlodarnews.kz Фото: Pavlodarnews.kz

Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы 100 жәшік қызанақ таратты, - деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.


Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы 100 жәшік қызанақ таратты, - деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Павлодар қаласындағы әлеуметтік мекемелер демеушілерден 2 тонна қызанақ алған. Қаладағы әлеуметтік-психологиялық оңалту және бейімдеу орталығы, бейәлеуметтендіру орталығы мен халыққа әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары 10 жәшік қызынақ жеткізіліпті.


Фото: Pavlodarnews.kz

"Бірнеше жыл бойы бұл ұйымдарға әкімдік жетекшілік етеді. Яғни олардың жұмысын жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы қадағалайды. Тұрғылықты мекен-жайы жоқ адамдар, көпбалалы отбасылар, қиын жағдайда қалған тұрғындар осы орталықтардан әлеуметтік көмек алады", - дейді қалалық әкімдік қызметкерлері.

Сондай-ақ, 50 жәшік қызынақ павлодарлық ұйымдарға жеткізіледі. Олар көпбалалы отбасыларға және қарттарға көмектеседі. Тағы 20 қорап көкөніс қалалық әкімдіктен көмек сұраған тұрмысы төмен тұрғындарға беріледі.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети