10 сәуір 2020 11:36

Павлодарда коронавирустан қайтыс болған науқас жатқан ауруханаға карантинге жабылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда № 1 қалалық аурухана карантинге жабылды. Ол ауруханада қайтыс болған ер адам жатқан болатын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Павлодарда № 1 қалалық аурухана карантинге жабылды. Ол ауруханада қайтыс болған ер адам жатқан болатын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Павлодардың бас санитар дәрігері № 1 қалалық аурухананы карантинге жабу туралы қаулы қабылдады. Енді мұнда ем алып жатқан науқастарды шығаруға және жаңа науқастарды қабылдауға тыйым салынып, қызметкерлердің қозғалысы шектеу қойылады", - деді Тауарлар қауіпсіздігі мен сапа бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Замзагүл Дощанова.

Сондай-ақ, ол аурухана маңында екі үйдің де карантинге жабылғанын айтып өтті.

Еске салайық, мұның алдында Дощанова коронавирустан қайтыс болған науқастың бірнеше ауруы болғанын айтқан еді. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети