Павлодарда лаңкестікке қарсы оқу-жаттығулар өткізіліп жатыр

24 Қазан, 11:03
0
Павлодарда лаңкестікке қарсы оқу-жаттығулар өткізіліп жатыр -

24 қазанда "Павлодар Әуежай" аумағында терроризм актілерінің алдын алуға және оның салдарын жоюға бағытталған жоспарлы антитеррористік оқу-жаттығулар өткізіліп жатыр, - деп хабарлайды "Павлодар жаңалытары" Терроризмге қарсы күрес жөніндегі облыстық жедел штабына сілтеме жасап. 

Терроризмге қарсы күрес жөніндегі облыстық жедел штаб іс-шараның жоспарлы сипатқа ие екенін және күрделіліктің түрлі элементтерін қолданып отырып, барынша жақындатылған оқу-жаттығу болып табылатынын хабарлайды.

Іс-шараның мақсаты - терроризмге қарсы күрес жөніндегі Павлодар жедел штаб күштері мен құралдарының өздеріне жүктелген міндеттерді орындауға дайындығын тексеру.

"Облыс орталығының қонақтары және тұрғындарынан автокөліктердің қозғалысындағы уақытша қолайсыздықтарға түсініктікпен қарауды, сабырлық сақтауды және тек ресми ақпаратты ғана басшылыққа алуды сұраймыз. Біле тұра жалған ақпарат таратудың ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабымен көзделген қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын естеріңізге саламыз", - делінген хабарламада. 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай