Павлодарда медициналық департаменттің парамен ұсталған басшысы үй қамауына алынды

04 Қаңтар 2017, 12:05
0
Павлодарда медициналық департаменттің парамен ұсталған басшысы үй қамауына алынды - © Zannews.kz
© Zannews.kz

Парамен ұсталған медициналық департамент басшысы үй қамауына алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне қарасты Павлодар облыстық Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті департаментінің басшысы "Пара алу" бабы бойынша күдікті деп танылып, оған бұлтартпау шарасы ретінде екі айға қамауға алу туралы шешім шығарылды", - деді Павлодар облыстық №2 қылмыстық істер бойынша сотындағылар.

Осылайша, сот Павлодар прокурорының орынбасары мен Павлодар облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тергеу басқармасы басшылығының ұсталған күдіктіні екі айға қамау туралы өтінішін қанағаттандырды.

Айта кетейік, сот отырысында күдікті кінәсін толықтай мойындады. Қамау мерзімі осы жылдың 1 наурызына дейін.

Осы санкцияға сәйкес, күдікті жеті жылдан он екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Сондай-ақ, ол белгілі бір қызметті атқару құқығынан өмір бойына айырылуы мүмкін.

Еске сала кетейік, осыған дейін Павлодар облысында медицина саласындағы шенеуніктердің ұсталғаны хабарланған болатын. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының өкілдері пара алды деген күдікпен департамент басшысы Д.Қазанғапов пен оның орынбасары Н.Аханаеваның ұсталғанын хабарлаған еді. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай