Павлодарда оқушы баланың не себепті трамвай астына өзі барып түскені белгілі болды

22 Қыркүйек 2017, 18:55
0
Павлодарда оқушы баланың не себепті трамвай астына өзі барып түскені белгілі болды -

Павлодарда оқушы баланың не себепті трамвай астына өзі барып түскені белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Павлодар қалалық білім бөлімінің өкілдері трамвай басып кеткен баланың оқиғасы қалай болғанын айтып берді. Сөйтсек, бала үйіне қайтып келе жатып, трамвай рельстерінен өтпек болғанда пәтер кілтін түсіріп алған. 

"Шын мәнінде бала кілтті алып үлгергісі келген. Оның шешесімен бүгін сөйлестім. Оның айтуынша, баласы оған трамвай жолынан өтпек болғанын, бірақ қалтасынан бірдеңе түскенін сезгенін айтқан. Ол тоқтап, қалтасын тексерген. Кілтінің жоқтығын байқаған ол қайтадан рельске қарай ұмтылған, соған қарағанда алып үлгеремін деп ойлаған. Баланың шешесі солай айтты. Шешесі рельсте шын мәнінде езіліп қалған кілттің жатқанын айтты", - деді қалалық білім бөлімінің жетекшісінің орынбасары Гүлбарам Белялева.

Білім бөлімі өкілдерінің мәліметінше, бала жағдайы жақсы отбасыдан, оқу үлгерімі жақсы, спорт секцияларына барады. 

"Баланың шешесінің айтуынша, отбасында ешқандай да ұрыс-керіс болмаған, бала ата-анасымен жалжалдаспайды. Трамвай астына өзі барып түсетіндей себебі жоқ, өте жақсы бала. Қазір ол өз бетімен жүре алады, жағдайы тұрақты", - деп хабарлады Белялева. 

Ал 12 жылдық еңбек өтілі бар трамвай жүргізуші Балзада Раисова қалай тежегішті басса да қозғалып келе жатқан вагонды тоқтату мүмкін емес еді дейді.

"24 қыркүйекте №5 маршрутта 62-ші вагонда жұмыста болдым, вокзал жаққа қарай кетіп бара жаттым, Қайырбаев көшесімен қиылысқан жерде Лермонтовқа жетпей жол жиегінде оқушы баланың тұрғанын көрдім. Тежегішті басып, дыбыс дабылын қостым, бірақ ол тұра берді. Жақындай келе қашып кетуге дайындалып тұрғандай болды. Дереу шұғыл тоқтауға әрекет жасадым, вагонда болған барлық тежегіш түрін пайдаландым. Тоқтау кезінде бала маған қарай қарсы жүгіріп, вагон астына секірді", - деді Раисова.

Еске салайық, осыған дейін Павлодарда тағы бір баланы трамвай басып кеткені хабарланған еді. Оқиға 21 қыркүйекте шамамен 19.40-та 1 мамыр көшесінің Лермонтов көшесімен қиылысқан тұсында болған.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай