Павлодарда тағы бір баланы трамвай басып кетті

22 Қыркүйек 2017, 08:55
0
Павлодарда тағы бір баланы трамвай басып кетті - © pavon.kz
© pavon.kz

Павлодарда тағы бір баланы трамвай басып кетті, - деп хабарлайды Pavon.kz

Басылымның мәліметінше, оқиға 21 қыркүйекте шамамен 19.40-та 1 мамыр көшесінің Лермонтов көшесімен қиылысқан тұсында болған. 

Көптеген куәгердің айтуынша, бала трамвайдың астына өзі барып түскен. Куәгерлер бұл оқиға вагон жүргізушісін қатты шошытқан. 

Трамвай Лермонтов көшесіне қарай келе жатқан. Бірақ аялдамаға жетер тұста 11-12 жастардағы бала вагонның астында қалған. "Бала бағананың жанында тұрған. Ол жақта жаяулар өтетін жер жоқ және қоршауда адам өтетіндей саңылау жоқ, Бала басымен трамвайға өзі секірді. Жолдағылардың бірі оны алып шығып жатқанда бала шалқалап жатқан. Сөйтсек, баланы құтқарған жігіт ТЖМ-де жұмыс істеген екен. Ол баланы алып шығып, оны бір қырына жатқызған", - деді куәгерлер.

Трамвай басқармасындағылар №5 маршруттың жүргізушісі Лермонтов аялдамасына 50 метр қалғанда таяп келген баланы байқағанын айтып берді. Әйел вагонды тоқтатып, бала жолдан кетіп қалған. Алайда, жүргізушінің айтуынша, трамвай қайта қозғалғанда бала трамвайдың астына қарай барып жата қалған. Құтқарушыларды шақыру қажеті болмағаны айтылады. Жедел жәрдем баланы облыстық балалар ауруханасына жеткізді. Павлодар облыстық ІІД өкілдері баланың тірі екенін хабарлады.

Еске салайық, 7 қыркүйекте Павлодардың Ломов көшесінде трамвай екі оқушы қызды қағып кеткен еді. Олардың бірі оқиға орнында қаза тапты, ал екіншісі таяуда ауруханадан шығарылды. Ал оларды жалғыз асыраған анасына Екібастұз қаласынан үш бөлмелі пәтер берілген болатын.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай