30 қыркүйек 2022 14:31

ПД басшысы Астана мен Алматыдағы көліктер санын салыстырды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz/Әлихан Сариев Фото Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Елордалық Полиция департаментінің басшысы Марат Төлебаев кептеліс туралы айта келіп, Астана мен Алматыдағы көліктер мен жолдардың шақырымын салыстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Елордалық Полиция департаментінің басшысы Марат Төлебаев кептеліс туралы айта келіп, Астана мен Алматыдағы көліктер мен жолдардың шақырымын салыстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қалада 400 мың көлік тіркелген. 100 мыңы басқа қаладан келеді. Барлығын қосқанда жарты миллион автокөлік осында. Күн сайын қалаға біздің бекеттер арқылы 75 мың көлік келіп, 75 мың көлік шығады. Біздің негізгі жол айрығымыз мың шақырым", - деді Марат Төлебаев Астанадағы кептелістерге түсініктеме беріп.

Жол белгілерін орнатып, көшелерді жоспарлау кезінде осы жайт ескерілетінін түсіндірді.

Төлебаевтың айтуынша, полицейлер тексеру барысында елордадағы 150 мыңға жуық автокөлік гараждарда тұратыны анықталған.

"Алматыға қарасаңыз, ондағы халық саны екі миллионнан асады. 550 мың көлік тіркелген. Сондай-ақ, 100 мың көлік қалаға кіріп, 100 мың көлік қаладан шығып кетуі мүмкін. Бірақ қалада үш мың шақырымнан аса жол бар", - деді ол. 

Төлебаев Астанадағы негізгі кептеліс азаматтар мектепке, балабақшаға және жұмысқа баратын таңертеңгі уақытта және кешкі уақытта байқалатынын түсіндірді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети