Педагог пен ата-ананың қолдауы болса балалар жетістікке жетеді - вундеркинд баланың әкесі

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Видеодан алынған кадр. Видеодан алынған кадр.

Биыл 12 жастағы вундеркинд Абзал Мырзаш 11-сыныпты бітіріп, ҰБТ-дан 117 балл алды. Физика мен математика пәндерінен жоғары балл алған Абзал Мырзаш Қазақстан-Британ техникалық университетінің ең жас студенті атанып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Биыл 12 жастағы вундеркинд Абзал Мырзаш 11-сыныпты бітіріп, ҰБТ-дан 117 балл алды. Физика мен математика пәндерінен жоғары балл алған Абзал Мырзаш Қазақстан-Британ техникалық университетінің ең жас студенті атанып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Абзалдың әкесі Дәуренбек Мырзашұлы үнемі ұлының дарындылығына сеніп, әрдайым білім алуға деген құлшынысына қолдау білдіріп отырған. Әкесінің айтуынша, педагог пен ата-ананың қолдауы болса балалар көп жетістікке жетеді.

Ата-анасы мен педагогтер баланың дарынды екенін оның кішкентай кезінен-ақ байқаған. Ол екі жасында көліктердің барлық маркаларын білген. Ал оған әліпбиді көрсеткен кезде бала бірден барлық әріпті есіне сақтаған. Үш жасқа келгенше миллионға дейін, тіпті триллионға дейін санай алған. Ал үшке толғанда барлық санды біліп, 2-3 таңбалы сандарды оқи алған. Төрт жасында көбейту кестесін жатқа біліп, 2-3 таңбалы сандарды бөліп, көбейте де алған.

Сол кездің өзінде вундеркинд бала Галактика ғаламшарларына, табиғат жағдайлары, жануарлар және өсімдіктер әлеміне қызығушылық танытқан. Мамандардың айтуынша, 5 жасында баланы 4-сыныпқа жібере беруге болар еді. Бірақ оны 5 жасында 1-сыныпқа берген екен. Ата-анасы қазақ тілінде ғана сөйлейтін болғандықтан олар баланы орыс тілінде білім беретін мектепке жіберген.  

Мектепте өте жақсы оқыған, алайда ата-анасы 3-сыныпта оны қазақ сыныбына ауыстырған. Ол қазақ сыныбында да өте жақсы оқыды. Абзал бір апта ішінде 4-сыныптың бағдарламасын меңгеріп алған. Содан оны 5-сыныпқа өткізіп жіберген. Вундеркинд бала мұнда да бір жылдың оқу бағдарламасын жетік меңгеріп алып, 6-сыныпқа, сол жақтан бірден 7-сыныпқа ауыстырылған. Осылайша, ол мектепті бітіріп отыр. 

Сондай-ақ, Абзал Мырзаш - 7-8 пәннен халықаралық, республикалық Олимпиадалардың жүлдегері.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 517.1  course down  588.21  course down  6.23  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer