Қазақстанның ішкі істер министрлігіндегілер педофилдерді піштіру туралы ұсынысқа түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін Мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитеті мен "Нұр Отан" партиясы фракциясының жанындағы әлеуметтік кеңестің бірлескен отырысында қылмыстық жазаға тартылған тұлғалардың әлеуметтік бейімделуі және интеграциясының мәселелері талқыланды.

Отырыс барысында депутат Бақытбек Смағұл ІІМ өкілдерінен педофилдерді піштіру туралы ұсынысты олардың қалай қабылдағанын сұрады. "Прокуратура педофилдерді піштіруді іске асыруды ұсынып отыр, бұл үрдіс өзге елдерде бар. Бұл мәселеге қатысты ІІМ-нің көзқарасы қандай?", - деп сұрады мәжілісмен Смағұл ҚР ІІМ қылмыстық-орындау жүйесі комитеті төрағасының орынбасарынан.
"Педофилдерге қатысты бұл даулы мәселе көтерілді, оның ішінде кәмелетке толмағандарға сексуалдық қылмысты кім жасады деген сұрақ бар. Қазір бұл мәселе талқыланып жатыр. ІІМ позициясын таяуда ресми түрде бергенбіз. Біріншіден, заңнамаға өзгерту енгізуіміз қажет. (...) Екінші ұсыныс - біз халықаралық тәжірибені зерттеп, расында да атқарылған ұсыныстарға қолдау көрсетеміз. Бірінші кезекте, оларды бостандыққа шығармай тұрып, заңнамада қарастырылғандай мерзімінен бұрын шартты түрде босап шықса да оларға психологиялық тексеру жүргізу керек. Егер сол күнге дейін ауытқушылық болса және оның сол қылмысты қайталауы мүмкін болса, онда ондай сотталушыларды мүлдем босатпауға болады. Тіпті психологиялық емханаға жатқызу керек. Тағы бір нәрсе: оларды психологиялық тексеруге қарамастан, оларға қатысты гуманистік шараларды шектеу, ол - рақымшылық, кешірім беру, мерзімінен бұрын шартты түрде босату. Химиялық піштіруге қатысты мәселе жұмыс тобында талқыланып, заң жүзінде қабылданады деп ойлаймын", - деп жауап берді депутаттың сұрағына ҚР ІІМ қылмыстық-орындау жүйесі комитеті төрағасының орынбасары Азамат Базылбеков.  
Еске сала кетейік, екі апта бұрын Бас прокурордың орынбасары Нұрмаханбет Исаев Астанада өткен отырыс барысында педофилдерді піштіруді қолданысқа енгізуді ұсынған болатын.