12 ақпан 2021 09:09

"Періште түспейді": Шымкенттегі бейіт шырақшысы ескерткіштегі суреттерді қашап тастаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Otyrar.kz Фото: Otyrar.kz

Шымкентте мұсылман бейіттерінің бірінде марқұмдардың жақындары біреу ескерткіштегі суреттерді қашап, өшіріп тастағанын байқаған. Зират шырақшысы қабірлердің басына орнатылған көк тастарды бүлдіргенін мойындаған. Құлпытасқа салынған сурет пен қоршау "дінге жат" деген шырақшы бейнелерді қашап өшіріп, қоршауларды алып тастапты, - деп хабарлайды "КТК" және "Алматы" телеарналары. 


Шымкентте мұсылман бейіттерінің бірінде марқұмдардың жақындары біреу ескерткіштегі суреттерді қашап, өшіріп тастағанын байқаған. Зират шырақшысы қабірлердің басына орнатылған көк тастарды бүлдіргенін мойындаған. Құлпытасқа салынған сурет пен қоршау "дінге жат" деген шырақшы бейнелерді қашап өшіріп, қоршауларды алып тастапты, - деп хабарлайды "КТК" және "Алматы" телеарналары. 

"Алматы" телеарнасының мәліметінше, шымкенттік тұрғын Нурия Габдулина туған-туысқандары жерленген қабірге келіп, жағаұстар жайтқа тап болған. Себебі бақилық болған жақындарының басына келіп құран бағыштамақ болғанда, орнатылған көк тастағы суреттерді біреулер қашап өшіріп кеткенін байқаған. Болған жағдайды мүлдем түсіне алмаған тұрғын полицейлерге арызданған.  

"Мен өзім екі ай бойы коронавируспен ауырып, айығып шыққаннан соң бейіттің басына келген болатынмын. Бұл жерде менің 5 туысқаным жерленген. Бәрінің ескерткішіндегі суреттерді өшіріп кеткен. Кім істегенін мүлдем түсінбеймін", - деді қала тұрғыны Нүрия Ғабдулина.

Қала тұрғындарының сөзінше, мұндай оқиғалар зиратта былтыр да болған. Олардың сөзінше, әкімшілік нақты жауап бермеген. 

Абдурахман мешіті бас имамының айтуынша, бұл іске шырақшының қатысы бар. Ал 32 жыл адам жерлеумен айналысып келе жатқан шырақшының сөзінше, ол көк тасқа сурет салуға қарсы. Себебі уағыздарда да бұл туралы егжей-тегжейлі айтылған екен. Сондықтан ескерткіш беттеріндегі суреттерді көпшілікпен қашап өшірген. Алайда жеме-жемге келгенде жанындағы адамдар тымтырақай қашып кетіпті-мыс. Ол бүлінген ескерткіштердің бірнешеуін қалпына келтіріп те берген.  

"Ит бар жерге періште келмейді. Қанша құран оқыса да сауабы бармайды. Бұл уағыздарда айтылады. Біз көпшілікпен шешіп, мазаратты тазалағанбыз. Қазір 5 гектар мазарат ашылған, ана жақта бір сурет қойдырған жоқпыз. Мен бұл нәрселер туралы жауап беріп шыққам милицияға", - дейді шырақшы Юлдашбай Расұлметов.

Дін саласының қызметкерлерінің сөзінше, жалпы ислам дінінде қайтыс болған адамдардың басына суретті бейнелеген ескерткіш орнату дұрыс емес. Алайда білместіктен көк тас қоятын болса, оны бүлдірмеу керек деген пікірде.

"Бір кісілер сурет салып қойған жағдайда, мысал үшін, білмеген немесе сол кездерде мән бермей салып қойған ескерткіштер болса, оған құрметпен қаралады. Себебі біреудің нәрсесіне араласу шариғаттың талабы емес", - деді "Абдурахман" мешітінің бас имамы Назірхан Ташходжаев.

Бейіттің басындағы бұл жағдайды жергілікті полицейлер өз назарына алыпты. Бүгінде қылмыстық кодекстің "Өлген адамдардың мәйіттерін және олар жерленген жерлерді қорлау" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети