25 ақпан 2021 09:19

"Періште түспейді": Шымкентте көктас суреттерін қашап тастаған бейіт шырақшысы қалай жазаланады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Otyrar.kz Фото: Otyrar.kz

Шымкенттегі көктастарда суреттерді қашап тастаған бейіт шырақшысы қалай жазалануы мүмкін? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісінің ресми сауалына Ішкі істер министрлігінің өкілдері жауап берді. Тәртіп сақшыларының мәліметінше, бүгінде шырақшы ескерткіштегі суреттерді қашап тастау ісі бойынша күдікті деп танылмаған. 


Шымкенттегі көктастарда суреттерді қашап тастаған бейіт шырақшысы қалай жазалануы мүмкін? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісінің ресми сауалына Ішкі істер министрлігінің өкілдері жауап берді. Тәртіп сақшыларының мәліметінше, бүгінде шырақшы ескерткіштегі суреттерді қашап тастау ісі бойынша күдікті деп танылмаған. 

Ведомство мәліметінше, 4 ақпанда Шымкент қаласында Шаназаров көшесінде орналасқан бейітте марқұмдардың мүрдесі мен оларды жерлеу орындарына қиянат жасау дерегі бойынша Қаратау аудандық полиция бөлімі сотқа дейінгі тергеуді бастады.

"Бүгінде 1956 жылы туған шырақшы Расулмотов Юлдашвай Эргешбаевичке қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыстық іс аясында дәлелдемелер жинау үшін қажет тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, оның нәтижелері бойынша заңды баға беріледі", - деді полиция өкілдері. 

ІІМ мәліметінше, Ю.Э.Расулмотов қылмыстық іс бойынша күдікті деп танылмаған және қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған. Алайда кінәсі дәлелденген жағдайда оның әрекеттері Қылмыстық кодекстің 314-бабы, 1-бөлігі бойынша қаралады. 

"Бап санкциясы бойынша 3 мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады", - деді ІІМ өкілдері. 

Сотқа дейінгі тергеу аяқталғаннан кейін қылмыстық іс бойынша шешімді сот шығарады. 

Еске салайық, 12 ақпанда Шымкентте мұсылман бейіттерінің бірінде марқұмдардың жақындары біреу ескерткіштегі суреттерді қашап, өшіріп тастағанын байқаған. Зират шырақшысы қабірлердің басына орнатылған көк тастарды бүлдіргенін мойындаған. Құлпытасқа салынған сурет пен қоршау "дінге жат" деген шырақшы бейнелерді қашап өшіріп, қоршауларды алып тастаған. 

Қала тұрғындарының сөзінше, мұндай оқиғалар зиратта былтыр да болған. Олардың сөзінше, әкімшілік нақты жауап бермеген. Дін саласының қызметкерлерінің сөзінше, жалпы ислам дінінде қайтыс болған адамдардың басына суретті бейнелеген ескерткіш орнату дұрыс емес. Алайда білместіктен көк тас қоятын болса, оны бүлдірмеу керек деген пікірде.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети