21 маусым 2018 14:16

Петропавл әкімінің қарт агрономды сыбап тастаған видеосы таралды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Равиль Рязапов, Марат Тасмағанбетов. Сурет: vk.com/botsadsko, pkzsk.info Равиль Рязапов, Марат Тасмағанбетов. Сурет: vk.com/botsadsko, pkzsk.info

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаменті Петропавл әкімі Марат Тасмағамбетовке қатысты қызметтік тергеу жүргізеді, - деп хабарлайды Петропавловск.news.


Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаменті Петропавл әкімі Марат Тасмағамбетовке қатысты қызметтік тергеу жүргізеді, - деп хабарлайды Петропавловск.news.

Департамент жетекшісінің қызметін атқарушы Жанат Жұмабаев агенттік БАҚ-қа мониторинг жүргізетінін мәлімдеді. Оқиға қала басшысының еңбек сіңірген агрономы, Петропавлдың құрметті азаматы Равиль Рязановқа дауыс көтерген видеоға байланысты. 

"Біз бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерге күнделікті мониторинг жүргіземіз. Сондықтан бұл жағдай туралы білеміз және шара қолданамыз. Егер этикалық нормаларды бұзу дерегі анықталса, Петропавл әкімі жазаға тартылады",- дейді Жанат Жұмабаев. 

Рязапов бауда жыртқыш аңдарды асырауға қарсы болған, сол үшін Тасмағамбетовтен сөз естіген. Осы сәтті жиналысқа қатысып жатқандардың бірі телефонға түсірген. 

"Сондай боқ ауыз сөздер болды, сұмдық! Мұнда әйелдер тұр ғой дедім. Ол болса, ол баяғыда әйел болудан қалған, ол шенеунік деді. Осыны боқтықпен айтты. Бұл Ботаникалық бауда демалатын керемет орындар бар. Менің ұсынғаным: орындық, фонтан, мүсіндерді жаңартайық дедім. Ал біздікілер мұнда аю, қасқыр мен қабан ұстамақ. Оларға кім қарайды? Мұнда балалар келеді. Айын мыңдаған бала. Бұл ботаникалық кереметті көру үшін жақын қалалардан келеді. Мұнда суда мекен ететіндер, тотықұстар мен еліктер бар. Бірақ аяқ-асты аюды... Қалай... Мен өзім аюдан қорқамын. Ол болса маған: өзің белгілерді жинап алғаныңмен, түкте ұқпайсың деп айтты", - дейді болған жай туралы Tengrinews.kz тілшісіне Равиль Рязапов.

Ғалымның сөзінше, әкіммен жанжалға ұласқан келіспеушілік 14 маусымда болған. 

Айта кетейік, Петропавл қаласының Ботаникалық бауына 105 жыл болған. Аумағы екі гектардай жер. Дендрарийде ағаштық екі мыңдай түрі бар. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети