02 қазан 2014 12:46

Петропавл әкімінің қызметтен кетуге өтініш беру себебі айтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Төлеген Зәкәриянов. ©news.headline.kz Төлеген Зәкәриянов. ©news.headline.kz

Петропавл әкімі Төлеген Зәкәриянов отбасы жағдайына және басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметтен кетуге өтініш білдірген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Петропавл әкімі Төлеген Зәкәриянов отбасы жағдайына және басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметтен кетуге өтініш білдірген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі аппаратының жетекшісі Владимир Дудов қазіргі уақытта Зәкәрияновтың қалада екенін айтты. Оның міндетін әкімнің орынбасары Қайролла Ғалеев уақытша атқаратын болады. Зәкәрияновтың қызметтен кетуге берген өтініші әлі қаралып жатыр, оған әлі қол қойылмаған. Петропавлға жаңа әкімнің қашан тағайындалатыны әзірше белгісіз. 

Дудов Зәкәрияновтың қызметтен кетуге өтініш білдіруі мен Қарағанды облысы және Қарағанды қаласы әкімдерінің қызметтен кетуін салыстырмау керек деп отыр. Айта кетейік, Смағұлов пен Әбдішев маусым айында қызметтерінен кеткен болатын, бірнеше айдан соң олардың бірі ұсталып, бірі қамауға алынды. "Зәкәриянов табысты жұмыс істеді, оның жұмысына ешқандай кінә артылмайды, бұл - ерікті шешім", - деді Дудов.

Еске сала кетейік, Петропавл қаласының әкімі Төлеген Зәкәриянов 1 қазан күні өз еркімен қызметтен кетуге өтініш білдірген болатын. Ол бұл қызметті 2013 жылдың мамыр айынан бері атқарды. Ол әр жылдары Павлодар облысы әкімінің орынбасары, ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігі Өңірлік даму комитеті төрағасының орынбасары болды.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети