17 мамыр 2024 09:24

Plus Capital қаржы пирамидасы: Грузия күдіктіні Қазақстанға берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Қаржы пирамидасын ұйымдастырушы Грузиядан экстрадицияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратураға сілтеме жасап.


Қаржы пирамидасын ұйымдастырушы Грузиядан экстрадицияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратураға сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы және Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің көмегімен қаржы пирамидасын құрғаны жәнебасқарғаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында күдіктіні Грузиядан экстрадициялады.

"Оның құрған қылмыстық тобы 2020 жылы Маңғыстау облысында "Plus Capital" қаржы пирамидасын ұйымдастырып, 600-ден астам салымшының жалпы сомасы 3 млрд теңгеден астам ақшалай қаражатын, жылжымалы және жылжымайтын мүліктерін заңсыз иемденген", - делінген хабарламада.

Қылмыстық топ мүшелерінің бір бөлігі түрлі жаза түрлеріне сотталды, ал күдікті қылмыс жасағаннан кейін жасырынған, соған байланысты халықаралық іздестіруге жарияланды.

2023 жылғы қарашада ол Грузия аумағында ұсталған. Қазіргі уақытта күдікті Ақтау қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Осы қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Алматыда қойма өртенді

Валюта бағамы

 451.28   490.7   5.06 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети