Полицей өрт шыққан үйден екі адамды ауруханаға жеткізді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Полицей өрт шыққан үйден екі адамды ауруханаға жеткізді © polisia.kz

Қостанай облысының Бейімбет Майлин ауданындағы Әйет ауылында жеке үйде өрт шықты, - деп хабарлайды polisia.kz. Полиция лейтенанты Жанат Меңдіғалиев өртенген үйдің екі тұрғынын ауруханаға жеткізген. 


Қостанай облысының Бейімбет Майлин ауданындағы Әйет ауылында жеке үйде өрт шықты, - деп хабарлайды polisia.kz. Полиция лейтенанты Жанат Меңдіғалиев өртенген үйдің екі тұрғынын ауруханаға жеткізген. 

"Биыл 29 қаңтарда 23:30-да Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы, Әйет ауылының жеке үйлерінің бірінде болған өртте 54 жастағы әйелді және оның 52 жастағы інісін құтқарып, екеуін де аудандық ауруханаға жеткізген Академияның түлегі полиция лейтенанты Жанат Мырзағазыұлы Меңдіғалиевтің әрекеті полиция жас қызметкерлері үшін лайықты үлгі болады", - делінген хабарламада. 

Осы жағдайға байланысты ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы басшысының атына алғыс хат келіп түскен.

"Қазақстан Республикасы ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының бастығы полиция полковнигі Нұрлан Амангелдіұлы Биекеновтің атына Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай облысының департаменті Таран ауданының Полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі О.Батырхановтың алғыс хаты келіп түсті. Онда Академия ұжымының атына тыңдаушыларға лайықты тәрбие бергені үшін, оларды мәдени – отаншылдыққа қалыптастырғаны үшін шын ниетпен алғыс айтылған", - делінген хабарламада.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 490.04  course up  582.69  course up  6.4  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети