02 қыркүйек 2020 17:56

Полицейдің құлағын тістеп алған павлодарлыққа қатысты сот үкімі шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Полицейдің құлағын тістеп алған павлодарлық екі жыл екі айға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Полицейдің құлағын тістеп алған павлодарлық екі жыл екі айға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Павлодар қаласының қылмыстық істер жөніндегі сотында полицейге шабуыл жасады деп айыпталған 31 жастағы ер адамға қатысты іс аяқталды.

Соттың үкімімен Павлодар қаласының тұрғыны "Билік өкілін қорлау "және "Билік өкіліне қатысты күш қолдану" баптары бойынша қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Ол жазасын қауіпсіздігі төмен колонияда өтейді - 2 жыл 2 ай.

Еске салайық, биыл маусымда полицейдің құлағын тістеп алған павлодарлық 5-тен 10 жылға дейін сотталуы мүмкін екені айтылған еді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети