25 тамыз 2023 09:39

Полицейге күш көрсеткенде, қандай жаза қолданылады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: primeminister.kz Фото: primeminister.kz

Ішкі істер министрлігі өкілі полиция қызметкеріне қарсы күш қолданғандарға қандай жаза қарастырылғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ішкі істер министрлігі өкілі полиция қызметкеріне қарсы күш қолданғандарға қандай жаза қарастырылғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Батыс Қазақстан облысында мас ер адам үйінде жанжал шығарып, әйелі полиция шақырған. Тәртіп сақшылары оқиға орнына жеткенде "агрессор" өз үйінің ауласында оларға қарсылық көрсетіп, заңды талаптарға бағынбаған. Тіпті қызметкерлердің бірін пышақтағысы келген.

"Кейде жәбірленушіні "үй агрессорынан" құтқарамын деп, қызметкерлер өз өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді", - деді ІІМ әкімшілік полиция комитеті басқарма бастығының орынбасары Азамат Құрымбаев.

Жыл басынан бері билік өкіліне қарсы күш қолданған 146 дерек тіркеліп, 109 адам түрлі жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 19-ы бас бостандығынан айырылды.

Сот шешімімен құқық қорғау органы қызметкерінің заңды талабына бағынбағаны үшін 1699 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 792 құқық бұзушы қамауға алынды.

"Ішкі істер органдары қызметкерлері қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында, яғни сіздің қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету үшін өз өмірін қауіпке тігіп, аянбай қызмет етеді. Осыған байланысты полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауды, оларға жұмыс барысында кедергі келтірмеуді сұраймыз. Мұндай әрекеттерге жол берген жағдайда қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік көзделгенін еске саламыз. Ірі айыппұлдан 7 жыл мерзімге дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделеді. Сонымен қатар, полиция қызметкерлерінің іс әрекетінде заңбұзушылық болса, азаматтар шағымдануға құқылы", - деді Азамат Құрымбаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети