09 қаңтар 2024 09:46

Полицейлер Алматыдан Астанаға есірткі жеткізу арнасын әшкереледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

©️ polisia.kz ©️ polisia.kz

Жалпы және арнайы іс-шараларды өткізу барысында елордалық Полиция департаментінің қызметкерлері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп, Алматыдан Астанаға синтетикалық есірткілерді жеткізу арнасының жолын кесті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

6 қаңтарда Астанада логистикалық компания арқылы есірткінің ірі партиясын алу кезінде Павлодар облысының тұрғыны ұсталды.

Одан автокөлікті тінту кезінде 4,8 келі мефедрон салынған 16 полиэтилен пакет, электрон таразы және 500 дана zip-пакет тәркіленді. Бір мезгілде Алматы қаласында есірткі жөнелтуші құрықталды. Оның пәтерін тінту барысында есірткі заты бар бес пластмасса контейнер, екінші деңгейлі банктердің төлем карталары, 1,3 миллион теңге көлемінде қаражат және электронды таразы тәркіленді.

"Осы факт бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды, ұсталғандарға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды", – деді ҚР ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Сарқытбай Құсайынов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети