09 тамыз 2018 16:13

Полицейлер Қапшағайда баладан қорлық көрген әйелді тапты

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан алынған сурет видеодан алынған сурет

Алматы облысы полиция өкілдері Қапшағайдағы аялдамада баладан қорлық көрген әйел туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы облысы полиция өкілдері Қапшағайдағы аялдамада баладан қорлық көрген әйел туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы ІІД-нің мәліметінше, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында видеодағы қорланған әйел табылыпты. 

"Полиция қызметкерлері видеода көрсетілген әйел баспанасыз екенін анықтады. Ол 40 жаста. Болған оқиғаға ол пікірін білдірмеді. Ал видеоға түсіп қалған басқа да адамдараға келетін болсақ, екі баланы іздестіру шаралары жалғасып жатыр", - деп хабарлады Алматы облысы ІІД баспасөз қызметі басшысы Сергей Незнаев.

Жақында желіде Қапшағай аялдамасында әйелді қорлап жатқан баланың видеосы пайда болған еді. 

Видеода бала әйелге жақындап, қолын созып, тебеді. Әйел оған айраны бар бөтелкесін береді. Біраз уақыттан кейін бала қайта келіп, сол берген айранды әйелдің үстіне төгеді. Содан кейін ол қайтадан оралып, үстіне тағы бір сусын құйып, әйелге бөтелке лақтырады.

Қолында дорбасы бар қорғансыз әйел ештеңе істей алмады. Казнет қолданушылары әйелді мүгедек деп болжады. Ал баланың қылығы Қапшағай тұрғындарын ызаландырды. "Мүгедек әйел өзіне сүт өнімдерін алып, неге екені белгісіз балаға да берді, ал ол сонымен әйелдің үстін бүлдіріп тастады... Заманауи отбасы кімді тәрбиелеп жатыр?! Ертең кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлімшеге хабарласамын, бұл мәселенің мән-жайн ашуын сұраймын...", - деп жазған Қапшағай тұрғыны Юлия Трофимова Facebook желісіндегі парақшасында. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети