09 ақпан 2020 | 13:39

Полицейлер қару қолданған жоқ - ІІМ Қордай ауданындағы жағдайлар туралы

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Әлихан Сариев © Әлихан Сариев

Ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди елордадағы брифингте Жамбыл облысы Қордай ауданындағы қақтығыс кезінде полицейлердің қару қолданбағанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы і


Иконка комментария блок соц сети

Ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди елордадағы брифингте Жамбыл облысы Қордай ауданындағы қақтығыс кезінде полицейлердің қару қолданбағанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы і

"Жарақат алғандардың арасында біздің бес қызметкеріміз бар, оның үшеуіне оқ тиген. Соған қарамастан полицейлер қару қолданбаған", - деді Калайчиди. 

Өрт салдарынан 25 жеке үй, 31 сауда орталығы және 41 көлік өртенген. 

"Оқиға орнында бас прокурордың бірінші орынбасары және ішкі істер министрінің орынбасары жүр. Қылмыстық іс екі бап бойынша қозғалды", - деді ол. 

Екі аңшылық қаруы, екі тапанша, 54 өртенгіш заты бар бөтелке тәркіленді. 

"Оқиғаның хронологиясын қысқартып айтып берейін. Шамамен 19:00-де Масанчи ауылының шетінде тұрғындар арасында жаппай төбелес шықты, шамамен 70 адам болған. Оқиға орнына полиция жетті, алайда арандатушылар мен куәгерлер осы төбелесті видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде жариялады. Осы жағдайдан соң тәртіпсіздіктер басқа жерлерге ауысты", - деді ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди.

Оның айтуынша, ауылға үш ауданнан қосымша күштер жіберілген. 

"Ашуға булыққан жастар полицейлердің талаптарын орындаудан бас тартып, күш қолданған. Жанжал тағы екі ауылда жалғасқан, үйлерді өртей бастаған. Оқиға орнына полицейлер мен ұлттық гвардия сарбаздары келген, осыдан кейін жанжал ауыздықталды", - деді ол. 

Оның айтуынша, 10 адам қаза тапты және 43 адам ауруханаға жатқызылған. Бүгінде 39 адам ауруханада жатыр.

"9 ақпанда таңғы уақытта Қордай ауданында жаппай тәртіпсіздіктер салдарынан қаза тапқандар саны 10-ға жетті. Түнде тағы екі адам қайтыс болған", - деді Алексей Калайчиди ОҚК брифингінде. 

Бұған дейін Президент қайғылы жағдайға жол берген меморгандардың қызметкерлері жауапқа тартылатынын мәлімдеген еді. Жамбыл облысы Қордай ауданындағы жаппай тәртіпсіздіктер салдарынан қаза тапқандар саны өсті.

Еске салайық, 7 ақпанда Жамбыл облысы Қордай ауданы Масанчи ауылында тұрғындар арасында жаппай төбелес болды.

Жаппай төбелеске 300-ге жуық адам қатысқан. Ауқатты ауылы және Бұлан Батыр ауылдарында жанжал шықты. Бұзақылар металл заттарын, атыс қаруын қолданған. 

Медициналық мекемелерге 137 адам көмек сұрап келді. 

Түнде Қырғызстан шекарашылары қазақ-қырғыз шекарасында күшейтілген қызмет тәртібіне ауыстырылған. ҰҚК шекара жабылды деген ақпаратты жоққа шығарып, екі ел арасындағы кеден штаттық режимде жұмыс істеп тұрғанын айтты.

Масанчидегі қақтығыс. Қырғыз-қазақ шекарасынан 4 мың адам өткен

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети