Полицейлер көлік иелерін шиналарды тексеру үшін тоқтатпайтын болады - ҚР ІІМ

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©Ярослав Радловский ©Ярослав Радловский

2015 жылдың 1 қаңтарында Кеден одағы елдерінде қыста жазғы, жазда қысқы шиналарды қолдануға тыйым салатын техрегламенттің күшіне енгені белгілі. Дегенмен полицейлер көлік иелерін шиналарды тексеру мақсатымен тоқтатпайтынын мәлімдеп отыр. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне ҚР ІІМ Жол полициясы комитетінің үйлестіруші-құқықтық жұмыстар басқармасының бастығы Қанат Сәдуақасов айтты. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

2015 жылдың 1 қаңтарында Кеден одағы елдерінде қыста жазғы, жазда қысқы шиналарды қолдануға тыйым салатын техрегламенттің күшіне енгені белгілі. Дегенмен полицейлер көлік иелерін шиналарды тексеру мақсатымен тоқтатпайтынын мәлімдеп отыр. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне ҚР ІІМ Жол полициясы комитетінің үйлестіруші-құқықтық жұмыстар басқармасының бастығы Қанат Сәдуақасов айтты. 

ІІМ мәліметінше, техрегламент шиналар бұдыры тереңдігіне қатысты да шектеу қояды. Жазғы резеңкеде протектордың биіктігі 1,6 миллиметрден кем емес, ал қысқы шина бұдырының биіктігі төрт миллиметрден кем емес болуы керек. Қыс мезгілінде шиналарда маркировканың болуы да тексеріледі, ол - таудың үш шыңы мен қар қиыршығы таңбасы және "М+S", "M & S", "M S" белгілері.

Егер барлық маусымға арналған шиналарда мұндай маркировка болса, оны қыста пайдалануға болады. Барлық маусымға арналған доңғалақ тыстарын жылдың жылы мезгілдерінде пайдалануға тыйым салынбайды. Жазда тек тікен тәрізді бұдыры бар шиналарға ғана тыйым салынады. "Полицейлер шиналар протекторының биіктігін арнайы сызғышпен өлшейді. Ал автокөлікте қандай резеңке қолданылғанын алыстан байқау мүмкін емес", - деді Сәдуақасов. Оның айтуынша, сол себепті полицейлер автокөліктерді шиналарын тексеру мақсатымен тоқтатпайды. 

Сәдуақасовтың айтуынша, полицейлердің көлік иелерін тоқтатуға барлығы сегіз негіз бар. Аталған тармақтар бойынша тоқтатылған кезде ғана тәртіп сақшылары көліктің доңғалақтарын да тексере алады. Бұл негіздердің біріншісі - жүргізушінің жол қозғалысы ережесін бұзуы. Екіншісі - іздестіру жөніндегі жұмыстар. Үшіншісі - қажет болған жағдайда бір бағытта кетіп бара жатқан медицина қызметкерлеріне және жол-көлік оқиғасы салдарынан зақымданған көлікті тасымалдау үшін ІІМ мамандарына көлік ұсынуды сұрау. 

Полицейлер жол қозғалысын реттеу мақсатында да көлікті тоқтатуы мүмкін, соның барысында доңғалақтар да тексеріледі. Жүргізушілер полиция тұрақтарында да тоқтатылады, бұл жағдайда олардың құжаты тексеріледі, сондай-ақ тұрақтан тыс аумақтарда көлікке тиелген жүктің құжаты да тексеріледі. Жол қозғалысына шектеу немесе тыйым енгізілгенде де полицейлердің автокөліктерді тоқтатуға құқығы бар. Көлікті тоқтатуға негіз болатын соңғы жайт - жол-көлік оқиғасы мән-жайын анықтау үшін жүргізушілерден немесе жолаушылардан жауап алу қажеттігі. Айта кету керек, егер доңғалақтар тиісті талапқа сай болмай шықса, жүргізушілерге 5 АЕК, яғни 9910 теңге көлемінде айыппұл салынады. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 533.33  course up  619.98  course up  6.8  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer